17 тамыз 2017, 13:52
      Мұнай 17.03.2017, 19:04 1 пікір 414 просмотров

      Енді отандық компаниялардың мұнай- газ жобасындағы үлесі заң шеңберінде жүзеге асады

      Осы уақытқа дейін жер қазу, құбыр тарту секілді қарапайым жұмыстардан өзгеге отандық компаниялардың жарамай жүргені жасырын емес. Оның басты себебі, қазақстандық кәсіп иелерінің халықаралық стандарттарға сай сертификатының жоқтығы. Осы және өзге де өзекті мәселелер Атыраудағы «Қазмұнайгазсервис- 2017» кеңесінде өткен жиында талқыланды. 


       

          Басқосуға барлығы 200 компаниядан 350 адам қатысты. Олардың барлығы да Қазақстан нарығын еркін игеріп, мұнай-газ жобаларында сан мәрте сыналған шетелдік, бірлескен компаниялардың өкілдері. Ұйымдастырушылардың сөзінше, кеңестің мақсаты- ірі жобалардағы отандық компаниялардың  үлесін арттыру болып табылады.

          «ҚАЗМҰНАЙГАЗСЕРВИС» қауымдастығының өкілі Нұрлан ЖҰМАҒҰЛОВТЫҢ айтуынша, Қазақстандық бизнес кемінде 32 пайыз қамтылуы тиіс. Ол дегеніңіз 12 млрд долларды құрайды және бұл сома қазақстанның экономикасында қалады. Алайда, уақыттың шектеулігіне байланысты құрылыс тендерлеріне үлкен шетел компаниялары шақырылуда. Өйткені, қазақстандық компаниялардың тәжірибесі жоқ, оларда қаражат тапшы.

           Жиында белгілі болғанындай, Атырау облысындағы жүзеге асырылып жатқан «Теңіз» кенішін кеңейту жобасына 37 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылған. Оған 20 мың адам жұмысқа тартылмақ. Одан бөлек, жоба негізінде жүздеген мердігер мекемелер құрылуы тиіс көрінеді. Қазірдің өзінде «Теңіз», «Қашаған» жобаларынан тәжірибе жинақтаған қазақстандық компаниялар баршылық. Олардың алды сыртқы еңбек нарығында мердігерліктен тең құқылы әріптестікке қол жеткізіп үлгерген.

          Бұдан бөлек, кеңейтілген отырыста мамандар: «Отандық компаниялардың кенжелеп қалуына олардағы тәжірибенің аздығы себеп», дегенді айтты. Сондай-ақ, осы уақытқа дейін шетелдік компанияларға технологияны жетік меңгергені үшін басымдылық беріліп келген. Десе де, енді отандық компаниялардың жұмысын заң шеңберінде  жүзеге асыруға мүмкіндік туатын көрінеді. 

      -    Парламентте де бұл мәселе талқыланды. Елбасының тапсырмасына сәйкес, қазақстандық кәсіпорындардың жасап жатқан әсіресе, шетелдік мемлекеттердің қатынасуымен жасап жатқан компанияларға осы жобаға қатысуға мүмкіндік жасау керек,- дейді бұл орайда кеңеске қатысқан ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Бахтияр МӘКЕН.

             Бүгінде Батыс аймақта Теңізден өзге Қарашығанақ, Қашаған секілді ірі жобалар бар. Олар таяу 3 жылдықта 13 млрд АҚШ доллары көлемінде жұмыстарын бастамақ. Ал, Жаңа заң ережесі бойынша Қазақстанға келген әр шетелдік инвестор енді салған қаржысының 1 пайызын қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыруға, тағы 1 пайызын отандық ғылымның дамуына салуға міндеттелетін болады.


       

      Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

      Пікірлер

        • vfvf
        • 18.03.2017

        Делюсь с вами заработком в интернете!
        Просто перейдите на сайт:

        http://sngrek.pw

        СТАБИЛЬНЫЙ ЗАРАБОТОК ОТ 3000 РУБЛЕЙ В ДЕНЬ

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       ______    _    _     ______     ___       _____  
      |      \\ | || | ||  /_   _//   / _ \\    / ___// 
      |  --  // | || | ||  `-| |,-   / //\ \\   \___ \\ 
      |  --  \\ | \\_/ ||    | ||   |  ___  ||  /    // 
      |______//  \____//     |_||   |_||  |_|| /____//  
      `------`    `---`      `-`'   `-`   `-` `-----`   
                                                        
      
       
      Наверх