25 мая 2017, 1:40
      Аймақ 17.03.2017, 17:36 0 пікір 165 просмотров

      Екі күнде 50 қылмыс тіркелді

       Атырау облысында 15-17 наурыз аралығында Наурыз мейрамын мерекелеу қарсаңында көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті сақтау, қылмыстарды ескерту және жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. 


      Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, шараның  екі күнінде 50 қылмыс тіркеліп, оның 26-ның ізі суымай  ашылғн. Сондай-ақ,  бұрын іздеу жарияланған 12 қылмыскер құрықталған.
      -1500-ден астам  әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталса, оның 50-ұсақ бұзақылық, 159-қоғамдық орындарда ішімдік ішу немесе ішімдік ішкен күйде жүру, 22- көлікті ішімдік ішіп алып жүргізу, 126- елімізге келу  тәртібін бұзғандар болып отыр. ІІБ Қабылдау –бөлу орталығына 46 азамат жеткізілді. Қалалық ішкі істер  басқармасы Жедел басқару орталығының бейне бақылау  инспекторының  қырағылығы арқасында  ұрлық қылмысына күдікті  ұсталды. «102» телефонына хабарласқан қала тұрғыны, сағат 11.30-12.30 аралығында   белгісіз адамдардың үйінің  терезе әйнегін түсіріп,  үй ішінен  алтын бұйымдары мен ұялы телефонын ұрланғаны туралы айтты. Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы  маңайды шолып қараған  инспектор полиция майоры Жанат Рахметова, Молдағұлова көшесі бойындағы  дүкен маңайынан  күдіктіні байқап, дереу  сол аймақтағы Жол патрульдік полиция экипажына хабарлайды. Жол патрульдік полициясының «Батыс-28» экипажы күдіктіні ұстап, басқармаға жеткізіп, тексеру барысында одан айғақ заттар тәркіленді. 1976 жылғы туған  жергілікті азамат, бұрын  сотталған,  ақпан айында  ғана жазасын өтеп шыққан. Бүгінгі күні  бұл азаматтың осындай бес ұрлық қылмыстарына қатысына   бары да анықталып отыр. Тергеп-тексеру жалғасуда., - дейді Г.Мұхтарова. Ал, «Құқықтық тәртіп» алдын-алу шарасы  жалғасып жатыр.


      Гүлзада Қожабергенқызы


       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       __   __   _    _    ______    __   __    _____   
       \ \\/ // | || | || |      \\  \ \\/ //  / ____|| 
        \   //  | || | || |  --  //   \ ` //  / //---`' 
        / . \\  | \\_/ || |  --  \\    | ||   \ \\___   
       /_//\_\\  \____//  |______//    |_||    \_____|| 
       `-`  --`   `---`   `------`     `-`'     `----`  
                                                        
      
       
      Наверх