22 шілде 2017, 22:48
      Қоғам 17.03.2017, 17:34 0 пікір 266 просмотров

      Аттестация: көрсеткіш қандай?

      Атырау обылысы бойынша «Б» корпусының 1905 мемлекеттік әкімшілік қызметшілері  екінші кезең, яғни жеке құзыреттерді бағалау үшін осы жылдың 1 ақпан мен 15 наурыз  аралығында тестілеуден өтті.


      Мемлекеттік қызмет басқармасының мәліметінше, тестілеуден өткендердің 336-сы өте жақсы, 1467-сі тиімді, 95-і қанағаттанарлық деген бағаға ие болса, 7 мемлекеттік қызметші білімінің төмен екендігін көрсеткен.  Жалпы, 1-деңгейде 45 мемлекеттік әкімшілік қызметші жеке құзыреттерді бағалау үшін тестілеуден өтті. Оның 26-сы мемлекеттік жергілікті атқарушы органнан, ал 19-ы орталық атқарушы  органнан болды. Ал, мемлекеттік жергілікті атқарушы органнан 26 мемлекеттік әкімшілік қызметші әңгімелесуден өтті.  Нәтижесінде 2-деңгейден мемлекеттік әкімшілік қызметші жеке құзыреттерді бағалау үшін тестілеуден 1582 мемлекеттік әкімшілік қызметші, оның ішінде мемлекеттік жергілікті атқарушы органнан 473 мемлекеттік әкімшілік қызметші және орталық мемлекеттік органдардан 1109  мемлекеттік әкімшілік қызметші тестілеуден өтті.Ал, 3-ші деңгейден мемлекеттік әкімшілік қызметші жеке құзыреттерді бағалау үшін тестілеуден 278 мемлекеттік әкімшілік қызметші өтті.
      Қазіргі таңда Атырау облысы бойынша 356 мемлекеттік әкімшілік қызметші мемлекеттік әкімшілік қызметші жеке құзыреттерді бағалау үшін тестілеуден өтуі жоспарлануда. Аттестацияның үшінші кезеңі әңгімелесу - 2 және 3 деңгейдегі мемлекеттік қызметшілерге алдағы сәуір айында өткізіледі. Бүгінде аттестациялауға байланысты мобилдік топ құрылып, олар түсіндірме жұмыстарын барлық мемлекеттік мекемелерге жүргізуде.

       

       


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
         _____    ______    _  _     _____     _  __  
        / ___//  /_   _//  | \| ||  |  ___||  | |/ // 
        \___ \\   -| ||-   |  ' ||  | ||__    | ' //  
        /    //   _| ||_   | .  ||  | ||__    | . \\  
       /____//   /_____//  |_|\_||  |_____||  |_|\_\\ 
      `-----`    `-----`   `-` -`   `-----`   `-` --` 
                                                      
      
       
      Наверх