23 маусым 2017, 9:15
      Аймақ 17.03.2017, 17:31 0 пікір 208 просмотров

      Азық-түлік бағасы тағы өсіп жатыр

       Атырау облысының Статистика департаменті өткен айда облыста бағаның ақылы қызметке 3,2 пайыз, ал, азық-түлік емес  және азық-түлік  тауарларына  0,8 пайыз өскенін хабарлады.


      Атап айтқанда, орташа баға көкөністерге 3,9 пайыз, жарма өнімдеріне - 3,6 пайыз, жармаларға - 2,7 пайыз, қайта өңделген немесе консервіленген балыққа  - 2,4 пайыз, ұнға - 1,8 пайыз, балық  және теңіз өнімдеріне -  1,7 пайыз, кондитерлік өнімдерге, күрішке - 1,4 пайыз, алкогольдік ішімдіктер мен темекі өнімдеріне - 1,1 пайыз, май және тоң майларға - 0,9 пайыз, етке - 0,8 пайыз, алкогольсіз сусындарға - 0,6 пайыз, жемістерге - 0,5 пайыз, шұжық, сүт, ірімшік және жұмыртқаға, ет өнімдеріне - 0,2 пайыз өскен. Ал, керісінше,  қант- 1,2 пайыз, макарон өнімдері -0,8 пайыз төмендеген. Сонымен қатар, баға өсімі бензинге 2,2 пайыз, фармацевтикалық өнімдерге - 1,7 пайыз, үй тұрмысына қажетті заттар және тұрмыстық техника және тұрғын-жайды ұстау бойынша күнделікті қызметке - 1,1 пайыз, автомобильдерге - 0,8 пайыз, жуғыш және тазалағыш құралдарға - 0,7 пайыз, жеке күтімге арналған аспаптар, құралдар және заттарға - 0,4 пайыз, киім және аяқ киімге     0,3 пайыз, демалыс, ойын-сауық және мәдениетке - 0,2 пайыз, дизель отынына - 0,1 пайыз өскені байқалған. Оған қоса теміржол мен әуе көлігінің қызметі де қымбаттап кеткен. Статистика мамандары бағаның жолаушылардың теміржол көлігіне 2,7 пайыз, әуе көлігінің қызметіне 0,4 пайызға өскенін тіркеді.. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласындағы қызмет  2,4 пайызға қымбаттаған. Қазіргі уақытта тұрғындар коммуналдық қызметке де жоғары бағамен төлемақы төлеуде. Өйткені, тұрғын үй - коммуналдық қызметтер саласында тарифтер орталықтан жылытуға 16,3 пайызға, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға - 15,3 пайызға, ыстық суға - 8,1 пайызға  жоғарылаған.  


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       __   __     ___     __   __   __   __   ______   
       \ \\/ //   / _ \\   \ \\/ //  \ \\/ // |      \\ 
        \   //   / //\ \\   \   //    \ ` //  |  --  // 
        / . \\  |  ___  ||  / . \\     | ||   |  --  \\ 
       /_//\_\\ |_||  |_|| /_//\_\\    |_||   |______// 
       `-`  --` `-`   `-`  `-`  --`    `-`'   `------`  
                                                        
      
       
      Наверх