16 тамыз 2017, 23:14
      Қоғам 16.03.2017, 13:27 0 пікір 220 просмотров

      ХҚКО-ларда қоныс той!

       «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалы – Атырау облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің қалалық №3 және Жылыой, Махамбет аудандары бөлімдері жаңа ғимаратқа қоныс аударды.


      Салтанатты шараға Халыққа қызмет көрсету дирекциясы директорының орынбасары Шоқан Әбділманов, облыстық ХҚКО департаментінің директоры Тұрлан Нұржанов, аудан әкімдері, бөлім қызметкерлері мен аудан тұрғындары қатысты. Құттықтау сөзін жеткізген Ш.Әбділманов:
      -Халықтың игілігі үшін ұйымдастырылып жатқан ізгі шара берекелі болып, халыққа сапалы қызмет көрсетеді деп сенемін. Бұл ізгі іс тұрғындарға ыңғайлы еңбек ету үшін ұйымдастырылып отыр. Әлі де жұмысымызды жетілдіре беретін боламыз, - деп атап өтті. Шарада Жылыой ауданы әкімі Мақсым Ізбасов, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы мен аудан тұрғындары алғыстарын білдірді. Содан кейін лента қию рәсімі жасалып, салтанатқа қатысушылар бөлімдердің жаңа тыныс-тіршілігімен танысты. Ашылу салтанатынан соң, Шоқан Әбділманов бөлім қызметкерлерімен кездесіп, мамандардың жағдайларымен танысты. Кездесуде бөлім қызметкерлеріне қызмет бабындағы сауалдары, басқа да мәселелері бойынша тікелей байланысқа шығуға болатындығын, қашанда ұжымның жариялылығы басым бағытқа ие екендігін айтты.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______     ___      ______    _____    _____    
       /_____//   / _ \\   /_____//  |  ___|| |  __ \\  
       `____ `   / //\ \\  `____ `   | ||__   | |  \ || 
       /___//   |  ___  || /___//    | ||__   | |__/ || 
       `__ `    |_||  |_|| `__ `     |_____|| |_____//  
       /_//     `-`   `-`  /_//      `-----`   -----`   
       `-`                 `-`                          
      
       
      Наверх