24 маусым 2017, 5:57
      Экономика 16.03.2017, 13:03 0 пікір 282 просмотров

      Салық жүйесін қандай өзгерістер күтіп тұр?

       Еліміздің сарапшылары Қазақстанның шет ел инвестицияларын тарту ісіндегі көшбасшылығын сақтап қалуы қажеттігін айтуда. Осы ретте елде өткен жылдан бері  Салық кодексіне өзгерістер енгізіліп, шет елден  тартылатын әр қаражат қатаң бақылауға алынып отыр.


      Маңызды сала  - салық жүйесінде алдағы уақытта орын алар өзгерістер жайлы  Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмыс басқармасының басшысы Батырбек  ЮСУПОВ айтып берді.
      «Елбасы Жолдауында экономикалық өсімнің тұрақтылығы үшін елдің тау-кен металлургиясы мен мұнай-газ кешендері өзінің стратегиялық маңызын сақтау, әлемдік сұраныс бәсеңдеп кеткен кезде жаңа нарықтарға шығып, өнім жеткізу аумағын кеңейту арқылы минералдық-шикізаттық базаны кеңейтуге баса назар аударғаны белгілі. Бұл жерде Жер қойнауы туралы жаңа кодексті қабылдап, салық заңнамаларына қажетті өзгерістер енгізілуі күтілуде. Кірістер органдарының негізгі қызметіне қатысты тапсырманың тағы бірі – ол бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту тапсырмасы. Мемлекеттің стратегиялық мақсатының бірі – елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50 пайыз болуын қамтамасыз ету бағыты. Осыған орай  жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктері одан әрі жетілдірілуде. Бұл Қазақстанның әр өңірі жаппай кәсіпкерлікті, соның ішінде  отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағытында кешенді шаралар ұсынуға тиіс. Әсіресе, жаңа жұмыс орындарының санын арттыру арқылы салық түсімдерін ұлғайту – мемлекеттік кірістер органдары қызметінің тиімділігін бағалаудың негізгі шарты. Айта кету керек, қазір мемлекеттік қызметтер көрсету үрдісін оңтайландырудың маңызы зор. Бұл құжаттардың мерзімі мен тізбесін қысқартып, қайталанатын рәсімдерді жою арқылы салық төлеушінің уақытын үнемдеуге жағдай жасауға бағытталып отыр. Осы орайда адамның өзінің баруын қажетсінбейтін, яғни толық электрондық форматқа  кезең-кезеңімен көшіру көзделіп отыр. Биылғы 1 қаңтардан бастап жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою мемлекеттік кірістер органына немесе «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы хабарлама ұсыну тәртібіне ауыстырылды. Сонымен қатар, биылғы жылдан бастап ел азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияның нысаны (200.00 нысан) азаматтығы жоқ адамдар бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларациямен (210.00 нысан) біріктірілді. Маңызды басымдықтың қатарындағы макроэкономикалық тұрақтылықтың басты міндеті – ақша-несие саясатының ынталандырушы рөлін қалыпқа келтіру және экономиканы қаржыландыруға жекеменшік капитал тарту екенін айта кеткен жөн. Бұл жердегі басты мақсат – салық-бюджет саясатын жаңа экономикалық жағдайға бейімдеу болып отыр. Оған салық саясатын бизнестің «көлеңкеден» шығуына бейімдеп, шикізаттық емес сектордағы салықтық базаны  кеңейтуге бағыттау, салық жеңілдіктерін оңтайландыру, жалпыға ортақ декларациялау қарсаңында арнаулы салық режімін жаңаша қарастыру, салықтық әкімшілендіру тетіктерін жетілдіру жолдарымен қол жеткізуге болады. Ең алдымен, мұның қосымша құн салығын жинауға қатысы бар. Атап айтсақ, заңның жеке бабымен  қосымша құн салығын төлеуші ретінде міндетті түрде тіркеу үшін шегін кезең-кезеңмен төмендету енгізілді. Яғни,  2017 жылы ең төменгі айналым 30 000 еселік айлық есептік көрсеткіш, 2018 жылы – 25000 еселенген мөлшері, ал, 2019  жылы - 20000, 2020 жылы - 15000 еселенген мөлшерде болады».


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _      ___    __    __     ___      ______  
      | \  / ||   / _ \\  \ \\ / //   / _ \\   /_   _// 
      |  \/  ||  | / \ ||  \ \/ //   | / \ ||  `-| |,-  
      | .  . ||  | \_/ ||   \  //    | \_/ ||    | ||   
      |_|\/|_||   \___//     \//      \___//     |_||   
      `-`  `-`    `---`       `       `---`      `-`'   
                                                        
      
       
      Наверх