24 мая 2017, 0:40
      Қоғам 16.03.2017, 13:01 0 пікір 118 просмотров

      Қазақтың кемеңгер тұлғасы

       Атырауда қазақ руханиятының өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан, алаш жұртының ардақтысы Әбіш Кекілбаевты еске алды.


        Атырау  облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығының ұйымдастыруымен Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық әмбебап кітапханасында «Қазақтың кемеңгер тұлғасы»  тақырыбында әдеби кеш өтті. Аталған әдеби кешке Облыс әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығының ұжымы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері, Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері  қатысты. Шараның мақсаты –  Әбіш Кекілбаевтың өнегелі өмір белестері мен құнды мұраларының өміршеңдігін бере отырып, мемлекеттік қызметшілерге шығармаларын насихаттау арқылы халқымыздың төл әдебиетін тереңірек тануға, оны қадірлей білуге шақыру болды. Әдеби кеш барысында «Әбіш Кекілбаев туралы естеліктер» бейнесюжеті көрсетіліп,  ақынның көптеген өлеңдері оқылды. Сондай  - ақ Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық кітапханасында  «Әбіш әлемі» көрмесімен таныстырып өтті.


       Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _____       ___      _____    __   __    _____   
      |  __ \\    / _ \\   |__  //   \ \\/ //  |__  //  
      | |  \ ||  / //\ \\    / //     \ ` //     / //   
      | |__/ || |  ___  ||  / //__     | ||     / //__  
      |_____//  |_||  |_|| /_____||    |_||    /_____|| 
       -----`   `-`   `-`  `-----`     `-`'    `-----`  
                                                        
      
       
      Наверх