24 мая 2017, 17:32
      Қоғам 14.03.2017, 16:51 0 пікір 208 просмотров

      Көк киттен, бастағы көп бит артық екен...

          Қазіргі кезде әлеуметтік желілерде де, бұқаралық ақпарат құралдарында да "Көк кит", "Тыныш үй", "4.20да оятам" деген тақырыпта қоғамды алаңдатқан ойын түрлері тарауда. Әсіресе, жасөспірім балалары бар ата-аналар ұрпағының болашағы үшін қатты алаңдауда. Әрине, кім-кімге де үкілеп өсіріп отырған балаларының бұрыс жолға түсуі үлкен қасірет әкелетіні сөзсіз.


       

         Көк кит туралы интернет беттерінен біраз шолу жасап түсінгенім, көк кит - суицид жасаушылардың символы екен. Себебі қартайған, саулығы нашарлаған көк киттер көбіне теңіздің жағаларына шығып қалып, өздерін өлтіріп алады делінген.

         Қазіргі таңда 10-18 жас аралығындағы жасөспірімдер осы ойынның арқасында бірнеше жерде өздеріне суицид жасалғаны туралы уатсап, инстаграм немесе т.б. желілерде көптеген хабарламалар арқылы біліп отырмыз. Таңнан тұра әркім әртүрлі мақсатта қалта телефонына қарайтын заман. «Уа, құдайым, бала бер, Бала берсең сана бер!» дейтін жұрт баласының ұялы телефонын жіті қадағалауға міндетті. Оның «көк киттің» қызығына алданып «тыныш үйде» жүрмесіне кім кепіл?

         "Балам үйде, қылығы түзде" деп, артынан «Қап, әттеген-ай» деп сан соқпастай болу үшін, балаларымыздың болашағына құрметпен қарайық. Әрине, қазіргі уақытта көпшілігіміз жұмыс бастымыз, балаларымызға көп уақытымызды арнай алмай да қаламыз. Дегенмен, болашақ ұрпағымыздың алға қойған мақсаттары мен ойлаған армандарын бірге жүзеге асыруға, балалармен бірге уақытымызды көп өткізіп, өз алдарына мақсат қоя білуге ұмтылдыру тікелей ата-ананың жұмысы. "Көк кит" ойынындағы 50 тапсырманы, керісінше, алдағы болашақтарына жоспар құру арқылы орындаса. Сол құрған жоспарлары арқылы болашаққа қадам жасаса болашақ ұрпағымыз бақытты болар еді деп ойлаймын.

         Тақырыпқа келер болсам, "Көк китпен" күрескеннен, бастағы көп битпен күрескеніміз жақсы екен-ау. Шаштарын тазартып алып отыратын, ал, әлеуметтік желідегі жаман ойынмен қалай күресеміз?

          Балаларымыздың болашағына бей-жай қарамайық, балаларымыз – болашағымыз.


       

      Арайлым НАРЕШОВА,

      Х.Досмұхамедов атындағы Атырау

      мемлекеттік университетінің қызметкері

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _    _    _     _  _     _____     ____    
      | \  / || | || | ||  | \| ||  |  ___||  |  _ \\  
      |  \/  || | || | ||  |  ' ||  | ||__    | |_| || 
      | .  . || | \\_/ ||  | .  ||  | ||__    | .  //  
      |_|\/|_||  \____//   |_|\_||  |_____||  |_|\_\\  
      `-`  `-`    `---`    `-` -`   `-----`   `-` --`  
                                                       
      
       
      Наверх