24 маусым 2017, 5:58
      Қоғам 14.03.2017, 16:03 0 пікір 181 просмотров

      Атырауда Өзбекстан азаматшасы 1 тәулікке қамалды

       Атырау облысының Жылыой аудандық соты Өзбекстан азаматшасы А.-ға қатысты іс қарады.


      Ол ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабының 4 бөлігімен көзделген, яғни шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған. Сотта анықталғандай, көрші елден келген қонақ 2016 жылдың 25 қазанында біздің елге жеке мақсатпен келіп, сол жылдың 23 қарашасына дейін  осы ауданның Құлсары қаласы, 5-ші ауылдағы үйге уақытша тіркелген. Алайда, белгіленген мерзімі біткен соң өз еліне кетуден жалтарып, құқық бұзушылық жасаған. Сот отырысы кезінде құқықбұзушы өз кінәсін толық мойындап, ол белгіленген мерзімі біткен соң өз еліне кетуге ақшасы болмағанын, енді бұл жағдайдың қайталанбайтынын айтып, кешірім сұрады. Бірақ, сот қаулысымен Өзбекстан азаматшасы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жаза ретінде 1 тәулік әкімшілік қамауға алынды.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____     _____     _____     ______   __   __  
       /  ___||  |  ___||  /  ___||  /_   _//  \ \\/ // 
      | // __    | ||__   | // __     -| ||-    \   //  
      | \\_\ ||  | ||__   | \\_\ ||   _| ||_    / . \\  
       \____//   |_____||  \____//   /_____//  /_//\_\\ 
        `---`    `-----`    `---`    `-----`   `-`  --` 
                                                        
      
       
      Наверх