24 мая 2017, 0:39
      Аймақ 14.03.2017, 11:51 0 пікір 148 просмотров

      Дуалды оқытудың маңызы неде?

       Атырау мұнай және газ университетінде «Дуалды оқыту – мамандар даярлаудағы бәсекеге қабілеттілік жолы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.


      Конференция жұмысын университет ректоры А. Абишев ашып, ҚР Парламенті Сенатының депутаты С. Еңсегенов пен Атырау облысы әкімінің орынбасары Ә. Нәутиев сөз сөйлеп, еліміздегі дуалды білім беруді заңнамалық тұрғыдан реттеу мәселелеріне тоқталды.
      -Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуалды жүйесі техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі. Нақты өндіріс жағдайларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, практикалық сағаттардың оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды дайындау қазіргі кезде білім берудің дуалды жүйесі деген атпен белгілі. Дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – техникалық кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, осы нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа заманауи технологияларды меңгере алатын дайын жұмысшы мамандар даярлау,- дейді Атырау мұнай және газ университетінің жетекші маманы Балауса ЖАҚСЫЛЫҚОВА. Конференцияда ҚР вице-министрі А.Амриннің, ҚР Энергетика вице-министрі Ә.Мағауовтың, «KAZENERGY» қауымдастығы төрағасының орынбасары, АтМГУ Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Ұ.Қарабалиннің арнайы жолдаған пікірлері оқылды. Сонымен қатар, академиялық мәселелер жөніндегі проректор, экономика ғылымдарының докторы,  профессор А. Майдырова «АтМГУ-де мамандарды білім берудің дуалды жүйесі бойынша даярлау: Қазіргі жағдайы, болашағы және мәселелер», техника ғылымдарының кандидаты Ғ.Сейтенова «С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттерді дуалды негізде дайындау тәжірибесі», ал, «Химиялық инженерия және биотехнология» Жоғары мектебінің деканы, техника ғылымдарының кандидаты А.Болысбек «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінде дуалды оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбындағы баяндамаларын оқыды. Ғылыми конференцияда Атырау мұнай және газ университетімен Дуалды оқыту бағдарламасы негізінде әріптестер «ЕмбіМұнайГаз» АҚ, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, «Жігермұнайсервис» ЖШС өкілдері үш жақты келісім негізігдегі жұмыс барысын баяндап, онда студенттердің еңбегін бағалау, олардың пікірлерін ескеру мақсатында жүргізілген сауалнама нәтижелерімен таныстырды. Конференция барысында қатысушылар серіктес «ЕмбіМұнайГаз» АҚ, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, «Жігермұнайсервис» ЖШС компанияларының өндіріс орындарын аралады.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______     ___      ____       ___     __   __  
       /_   _//   / _ \\   |  _ \\    / _ \\   \ \\/ // 
       `-| |,-   / //\ \\  | |_| ||  | / \ ||   \   //  
         | ||   |  ___  || | .  //   | \_/ ||   / . \\  
         |_||   |_||  |_|| |_|\_\\    \___//   /_//\_\\ 
         `-`'   `-`   `-`  `-` --`    `---`    `-`  --` 
                                                        
      
       
      Наверх