23 сентября 2017, 4:29
      Аймақ 13.03.2017, 18:47 0 пікір 353 просмотров

      Мұнайлы өлкеге импорттың көп бөлігі Ресейден келеді

      Республиканың өнеркәсібі көлеміндегі Атырау облысының үлесі 23,9 пайызды құрайды. Ағымдағы жылдың қаңтар айы бойынша, облысымызда 503,5 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, жоспар 109,6 пайызға орындалған.


      Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғайша Әбежан мәлімдеді. 

      Басқарма басшысының мәліметіне сүйенсек, өңірде негізгі капиталға салынған инвестицияның нақты көлем индексі 32,4 пайызға артқан. Сондай- ақ, өткен жылдың қорытындысымен біздің аймақта өнеркәсiп өнiмiнің көлемi 4,4 трлн. теңгені құраған екен.

      -       Облыстың сыртқы сауда айналымы 2016 жылы экспорт 11 091,4 миллион АҚШ долларын құраса, импорт 2 124,8 миллион долларға жетті. Облысқа импорттың көп бөлігі көршілес Ресей елінен тасымалдануда. Біздегі экспорттың басым бөлігін мұнай-газ саласы құрайды, - деп атап өтті Нұрғайша Әбежан. 


      Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

      фото ғаламтордан алынды

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
      __    __    _____     ____      _____    __   __  
      \ \\ / //  |  ___||  |  _ \\   |  ___||  \ \\/ // 
       \ \/ //   | ||__    | |_| ||  | ||__     \   //  
        \  //    | ||__    | .  //   | ||__     / . \\  
         \//     |_____||  |_|\_\\   |_____||  /_//\_\\ 
          `      `-----`   `-` --`   `-----`   `-`  --` 
                                                        
      
       
      Наверх