24 наурыз 2017, 12:18
      Аймақ 13.03.2017, 18:15 0 пікір 155 просмотров

      Болашақ заңгерлерге көмек

       ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының ұйымдастыруымен ашық есік күні өткізілді.


      Айта кетейік, биыл 22 сәуірде ҚР құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының құрылғанына 20 жыл толады. Осыған байланысты өткізілген шараға  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің, Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжі мен Атырау бизнес және құқық колледжінің студенттері қатысты. Басқарма бастығы Нұрлан АХМЕТБАЕВ өз сөзінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының негізгі қызметіне тоқталды.
      -Халықтың көпшілігі бізді тек адамның сотталмағандығы жөнінде анықтама беретін орган ретінде таниды. Бірақ, бұл біздің қызметіміздің бірі ғана. Атап айтқанда, комитет және оның аумақтық басқармалары қылмыстық ахуал туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық пен нашақорлық, қылмыстық қудалау органдарының, соттардың, сот орындаушыларының жұмысы туралы 38 статистикалық есептердің құрылуын, сондай-ақ, қылмыстық, әкімшілік жауапкершілікке тартылған, іздеуде жүргендер мен сот әрекетке қабілетсіз деп танығандарға, жағымсыз себептермен мемлекеттік қызметтен босатылғандарға, бақылау органдарының тексеру жұмысына және адам өлімі мен жарақат алуына әкеп соққан жол – көлік оқиғаларына 24 түрлі арнайы есептің жүргізілуін қамтамасыз етеді. Бұл күнде Елбасының 100 нақты қадамында тапсырылған міндеттерге сай, комитетте «Ақпараттық сервис» жүйесі жасақталып, қолжетімді ақпарат алуға мүмкіндік жасалды, - деп атап өтті басқарма бастығы. Шара барысында студенттер слайдтар мен бейнероликтер арқылы комитеттің интернет-ресурсында орналасқан ақпараттық қызмет туралы танып білді. Олар комитеттің инновациялық жобалардың мүмкіндіктерін, яғни «апат картасы», «кәмелетке толмағандарды картасы», «қылмыстық құқық бұзушылық картасы», қоғамдық бақылау «Бизнес тірегі», «Айқын» және тағы басқа қызмет түрлерімен танысты. Осылайша болашақ заңгерлерге деректерді және ақпараттық қызметтер мен ақпарат дамыту мүмкіндіктерін қолдану ұсынылды.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _  _     _____    __   _      ___      ______  
       | \| ||  |  ___|| | || | ||   / _ \\   /_   _// 
       |  ' ||  | ||__   | '--' ||  / //\ \\    | ||   
       | .  ||  | ||__   | .--. || |  ___  ||  _| ||   
       |_|\_||  |_____|| |_|| |_|| |_||  |_|| /__//    
       `-` -`   `-----`  `-`  `-`  `-`   `-`  `--`     
                                                       
      
       
      Наверх