22 маусым 2017, 18:04
      Қоғам 13.03.2017, 13:27 0 пікір 159 просмотров

      Өртенген көліктің орнына жаңа көлік беретін болды

       Айта кетейік, талап қоюшы Г. «В» ЖШС-гі және «Kaspi Сақтандыру» АҚ-на өртеніп кеткен автокөлікті жаңасына ауыстыру және өртті сақтандыру оқиғасы деп тануды сұрап,  Атырау қалалық сотына жүгінген болатын.


      Сот талқылауы барысында 2016 жылдың шілде айында талап қоюшы «В» автосалынынан «УАЗ 23632-249» маркалы  автокөлігін банктің несие қаражатына алғандығы анықталды. Бірақ, бір ай өткен соң жүру кезінде автокөлікте от тұтанып, түгелдей өртеніп, жарамсыз болып қалған. Болған жайтқа сақтандыру компаниясы өкілдері сақтандыру жағдайының болмауына сүйеніп, талапкерге сақтандыруды төлеуден бас тартқан. Сонымен қатар, талапкердің автокөлікті ауыстыру жөніндегі  өтінішін автосалон басшылығы да елеусіз қалдырған. Алайда, өрт-техникалық сараптамасы өрттің басты тұтануы мотор бөлігінде басталып, әрі қарай сымдарға жалғасу арқылы шыққанын анықтады. Нәтижесінде сот шешімімен талапкердің бүлінген көлікті жаңаға ауыстыру туралы бөлігін қанағаттандырылды. Бірақ, өртті сақтандыру оқиғасы деп тануды қанағаттандырудан бас тартты. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____     _____      _____    ______    _____   
       |__  //   |  ___||   / ___//  /_   _//  /  ___|| 
         / //    | ||__     \___ \\   -| ||-  | // __   
        / //__   | ||__     /    //   _| ||_  | \\_\ || 
       /_____||  |_____||  /____//   /_____//  \____//  
       `-----`   `-----`  `-----`    `-----`    `---`   
                                                        
      
       
      Наверх