28 шілде 2017, 10:51
      Қоғам 02.03.2017, 11:21 0 пікір 276 просмотров

      Атырауда адам өлтіргендер қамалды

       Атырау қаласының № 2 сотының тергеу судьясы  Атырау қаласының тұрғындары М.Ә.-ге және М.Б-ге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі  бұлтартпау шарасына  санкция берді.


      Атырау облысының ішкі істер департаментінің Тергеу басқармасы тергеушісінің мәліметінше, аталған екеу ҚР Қылмыстық кодексінің 99 - бабының 2- бөлігі 7 тармағымен, яғни адамдар тобы болып, қасақана қазаға ұшыратуды ұйымдастырумен бірге құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушы болып қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін күдікке ілініп отыр. Осы жылдың 22 ақпаны күні сағат 14.00 шамасында М.Ә. өзінің танысы М.Б.-ге телефон шалып, өзінің үйіне спирттік ішімдік ішуге шақырған. Содан кейін екеуі кездесіп, дүкеннен 2 шөлмек арақ және тағам сатып алады. Үйге келе жатып көшеде М.Ә. қарама-қарсы үйде тұратын көршісі С.Л.-ны көріп, спирт ішімдікті бірігіп ішуді ұсынған. Ол келісіп, барлығы арақ ішіп отырғанда  М.Ә. кезінде С.Л.-дың әкесінің өзін ренжіткені есіне түсіп, жерде тұрған бос шөлмекті алып С.Л.-ның басынан ұрып жібереді. Соққы салдарынан ол есінен танып жерге құлаған.  Оны көрген екеуі жәбірленушіні орнынан көтеріп, басын жуып есін жиғызады да, жерде жатқан жейдесін алып, оның мойнына байлап, екі жағынан тартып қылғындырады. Нәтижесінде С.Л. сол жерде қайтыс болған. Жантүршігерлік қылмысқа барған екеуге қатысты тергеу жұмысы жалғасып жатыр.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
         _____     ___    __    __    ______            
        / ___//   / _ \\  \ \\ / //  /_   _//     ___   
        \___ \\  | / \ ||  \ \/ //    -| ||-     /   || 
        /    //  | \_/ ||   \  //     _| ||_    | [] || 
       /____//    \___//     \//     /_____//    \__ || 
      `-----`     `---`       `      `-----`      -|_|| 
                                                   `-`  
      
       
      Наверх