21 тамыз 2017, 12:24
      Аймақ 23.02.2017, 12:59 0 пікір 312 просмотров

      Атыраудағы қылмысты көпфункциялы бейнекамералар анықтайды

      Бейнебақылау камераларының көмегімен өткен жылы мұнайлы өңірде 26 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 52 қылмыс ашылған.


      Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың халыққа есеп беру жинынында белгілі болды.

      - 2016 жылы 134 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды. Құқық бұзушылық бойынша 994 миллион теңгеден астам айыппұл салынып, оның 543 миллион теңгеден астамы өндірілді. Одан бөлек, жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 797 млн. теңгеден астам айыппұл салнып, кері қайтарылды. Жүргізілген алдын алу шаралары нәтижесінде жол-көлік оқиғаларының санын 18,8 пайызға төмендетуге қол жеткізілді,- деп атап өтті Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев.

      Осылайша өз баяндамасында өткен жылдағы өңірдің хал-ахуалына, оның ішінде құқық бұзушылық туралы жоғарыдағы мәліметтерді келтірген аймақ басшысы алдағы уақытта Атырауда енді көпфункциялы бейнекамералар орнатылатынын хабарлады.


      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
                  _____    __   _      ___    __    __  
        ____     |  ___|| | || | ||   / _ \\  \ \\ / // 
       |    \\   | ||__   | '--' ||  / //\ \\  \ \/ //  
       | [] ||   | ||__   | .--. || |  ___  ||  \  //   
       |  __//   |_____|| |_|| |_|| |_||  |_||   \//    
       |_|`-`    `-----`  `-`  `-`  `-`   `-`     `     
       `-`                                              
      
       
      Наверх