17 тамыз 2017, 21:27
      Аймақ 22.02.2017, 18:09 0 пікір 325 просмотров

      Облыс әкімі есеп берді

      Өткен жылы мұнайлы өңір Атырауда кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде жалпы құны 2,8 млрд. теңгеге 245 жұмыс орнын құрайтын 7 жоба жүзеге асқан. Аймақтың өткен жылда қол жеткізген осы және өзге де жетістіктері жөнінде бүгін, 22- ақпан күні Атырау облысы әкімі Нұрлан НОҒАЕВ тұрғындар алдында берген есебінде мәлімдеді.


      Әкімнің атап көрсеткеніндей, іске асқан ірі жобалардың ішінде: «Дәулет нан» бөлке нан өнімдерінің зауыты «Транстехинтернэшнл» ЖШС (1,5 млрд. теңге, 90 жұмыс орны); Құс фабрикасының қуаттылығын кеңейту «Алмалы құс» ЖШС (457,3 млн. теңге, 37 жұмыс орны); Бұрандалы (болт) қосылыстардың өндірісі «Studbolt Manufacturing» ЖШС (390 млн. теңге, 10 жұмыс орны); Оптикалық кабель шығаратын зауыттың қуаттылығын кеңейту «ПКФ Континент Ко ЛТД» ЖШС (122 млн. теңге, 3 жұмыс орны); Электртехникалық жабдықтардың өндірісін ұйымдастыру «KAZELEKTRYM (КАЗЭЛЕКТРУМ) өндірістік кешен» ЖШС (119 млн. теңге, 70 жұмыс орны); Кабельдік науа және электр қалқан шығаратын зауыт «Centech» ЖШС (119 млн. теңге, 20 жұмыс орны); Тығыздағыш төсемдер өндірісі «Казахстан Интегрейтед Сервисез» ЖШС-лері (145 млн. теңге, 15 жұмыс орны) бар.

      Аймақ басшысы өз есебінде ауыл шаруашылығы саласына да тоқталып өтті. Айтуынша, күні бүгін өңіріміздегі жалпы өнім көлемі 61,6 млрд. теңгені құраған. Ал, нақты көлем индексі 2015 жылға – 104,0 пайыз, соның ішінде: мал шаруашылығында – 36,2 млрд. теңге (102,5 пайыз), егін шаруашылығында – 25,0 млрд. (106,4 пайыз) теңге болыпты. Облыс бойынша бүгінге дейін тамшылатып суару әдісі 1 927 гектарға қолданылып келсе, биыл да бұл жұмыстар жалғасын тауып, 2 300 гектарға дейін жететін көрінеді.

      - Соңғы үш жылда жалпы құны 18,3 млрд. теңгеге 643 жаңа жұмыс орнын құрайтын 17 ауыл шаруашылығы жобасы жүзеге асырылуда. Осылардың арасында 12 түрлі өнім өндіретін «Первомайский» біріккен кәсіпорны», 15 түрлі өнім өндіретін «Сарайшық» біріккен кәсіпорны», жылына 400 тонна шұбат, қымыз, айран шығаратын «Алға-1» шаруа қожалығы, 92 млн. дана жұмыртқа өндіретін «Алмалы құс» және «Атырау сауда» құс фабрикалары, 12,6 млн. дана консервіленген ет өнімін өндіретін «Карат» ЖШС, 370 тонна салат және 75 мың консервіленген өнім өндіретін «Атырау Агро Феликс» ЖШС-тері бар. Облыс тұрғындарын маусымдық уақыттарда көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін 32 жылыжай жұмыс жасайды, бұл 12,5 гектар алқабын құрайды. Сондай-ақ, үстіміздегі жылы Индер ауданында «NAVA GRA» ЖШС- мен 40 гектар жылыжай кешенінің құрылысы басталады,- деді әкім.

      Кәсіпкерлік саласына тоқталған Нұрлан Ноғаев шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнімнің көлемі өткен жылғы қаңтар - қыркүйекте 653,5 млрд. теңгені құрап, ол былтырғы жылдың сәйкес кезеңінен 7,4 пайызға жоғары болғанын айтты. Сөзінше, қазіргі уақытта облыста қызмет істеп тұрған субъектілердің саны 44 217 бірлікті құрайды. Сонымен қатар, өткен жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 2,5 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінген. Одан бөлек, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Ұлттық қор есебінен үш транш бойынша екінші деңгейдегі банктер арқылы 8,4 млрд. теңгеге 53 жоба қаржыландырылып, 200-ден астам жаңа жұмыс орны құрылыпты.

      - Ауыл кәсіпкерлерінің арзан несиеге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы жылдық мөлшерлемесі 7 пайыз жеңілдетілген несие беру үшін жергілікті бюджеттен жыл сайын қаражат бөлініп тұрады. Соңғы 4 жылда ауыл кәсіпкерлерін шағын несиелеуге 807 млн. теңге бөлінді, бұл ауылдарда 202 бизнес жобасын және 468 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Соның ішінде, 2016 жылы 150 млн. теңге жергілікті бюджеттен және 100 млн. теңге түпкі қарыз алушылардан түскен қаражат есебінен бөлінді. Барлығы 55 жоба мақұлданып, 107 жұмыс орны құрылды,- деді Нұрлан Ноғаев.

      Бір айта кетерлігі, өңірдің хал- ахуалы мен проблемалары қозғалған Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевтың бір жылдық есебіне ешбір кедергісіз екі мыңның үстінде аймақ тұрғындарының жиналуына барлық мүмкіндіктер жасалды. Ал, үш сағатқа созылған есебінде өңір басшысы тұрғындар тарапынан қойылған өткір сауалдарға нақты, тұжырымды түрде жауап берді.


      Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
      __    __   _    _     ____       ___     _    _   
      \ \\ / // | || | ||  |  _ \\    / _ \\  | \  / || 
       \ \/ //  | || | ||  | |_| ||  / //\ \\ |  \/  || 
        \  //   | \\_/ ||  | .  //  |  ___  ||| .  . || 
         \//     \____//   |_|\_\\  |_||  |_|||_|\/|_|| 
          `       `---`    `-` --`  `-`   `-` `-`  `-`  
                                                        
      
       
      Наверх