25 апреля 2017, 12:31
      Денсаулық 21.02.2017, 18:35 0 пікір 437 просмотров

      Қан тапсырып, қайырымдылық жасады

      Бүгін, 21 ақпан күні Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қайырымдылық акциясын өткізді.


       

      Аталған акцияның мақсаты – донорлық қанға мұқтаж адамдарға көмек көрсету еді.  Қан тапсыруға ерікті адамдарға ыңғайлы болу үшін Атыраудағы  Қан орталығының медициналық қызметкерлері қан алу жылжымалы стансасын департаменттің ғимаратына орналастырды. Қан орталығының қызметкерлері шара барысында қан тапсыруға ықылас білдірген департамент қызметкерлеріне жалпы, қан құюға мұқтаж адамдарға көмектесуге ниет білдірудің аздық ететінін, ең бастысы адамның денсаулығы барлық көрсеткіштер бойынша мінсіз болуы керектігін түсіндірді. 

       

       Сондай-ақ,  «Бүгін осындай маңызды мамандықтың иелерінің донор болғаны өте маңызды. Олар күнделікті қызметтерінде адам өмірін құтқарса, бүгін қан тапсыру арқылы өздерінің қызметтерін атқаруда», - деп, игілікті шараға қатысушыларға алғыстарын білдірді. Ал, өрт сөндірушілер, құтқарушылар, департаменттің басқа да қызметкерлері өз кезегінде акцияның өткізілуіне түсіністік танытып, өздерінің азаматтық борышын өтеуге келгендерін, сол арқылы  өрттте, басқа да төтенше жағдайлар мен қайғылы оқиғалар кезінде зардап шеккендерге көмек көрсетуге дайын екендіктерін айтты. Айта кету керек, аталған департамент қызметкерлерінің бірқатары тұрақты донор болып келеді. Бірақ, осы күні олардың қатары бірінші рет донор болған қызметкерлермен де толықты.


       


       

      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _____     _    _    __   _      ___              
      |  __ \\  | || | || | || | ||   / _ \\    ____    
      | |  \ || | || | || | '--' ||  | / \ ||  |    \\  
      | |__/ || | \\_/ || | .--. ||  | \_/ ||  | [] ||  
      |_____//   \____//  |_|| |_||   \___//   |  __//  
       -----`     `---`   `-`  `-`    `---`    |_|`-`   
                                               `-`      
      
       
      Наверх