16 тамыз 2017, 23:11
      Денсаулық 13.02.2017, 17:57 0 пікір 671 просмотров

      Атырауда жұқпалы аурудың бес түрі өршіп тұр

       Олардың қатарында бар жіті ішек аурулары, сальмонеллез, жіті вирусты гепатит, жіті респираторлық вирустық жұқпалар және бруцеллез аурулары алдыңғы жылдармен салыстырғанда өскені байқалады. Бұл туралы облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Өмірзақ ЗИНУЛЛИН өткен жылдың жұмыс қорытындысы туралы облыстық әкімдікте өткен есеп беру жиналысында мәлімдеді.


      Облыс аумағындағы эпидемиологиялық ахуалға тоқталған департамент басшысының баяндамасында көрсетілгендей, өткен жылы өңірде жағдай тұрақты және бірқалыпты болып, жыл ішінде аса қауіпті, карантиндік инфекциялар, полиомиелит, көкжөтел, қызамық, сіреспе, эпидемиялық паротит, қырылдауық, іш сүзегі сияқты жұқпалы аурулар немесе қоғамдық тамақтану орындарымен байланысты топтық тамақтан улану фактілері және басқа да жұқпалы аурулар түрі тіркелмеген. Алайда, тыныс жолдары туберкулезімен аурушаңдық көрсеткіші 100 адамға шаққанда 66,7 пайызды көрсетіп отыр. Бұл көрсеткіш республикалық деңгейден 19,9 есеге жоғарылаған. Қазіргі күні аймақта туберкулездің белсенді түрімен ауыратын есепте тұрғандардың саны 1041 болса, 2015 жылы 1248 науқас тіркеліпті.
      - Бұл дегеніміз, жасалынып жатқан жұмыстардың нәтижесінде, ауру көрсеткіші 18 пайызға азайғанын білдіреді. Алайда, талдау нәтижесі көрсеткендей, Құрманғазы ауданында бұл  дертке шалдыққандар саны төмендемей тұр. Аталмыш ауданда жасөспірімдердің туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші бүгінгі күні 259,4-ке жетсе, 2015 жылы 209,1 пайыз болып келген,- деді Өмірзақ Зинуллин.
      Бұдан бөлек, мал арасында кеңінен тараған бруцеллез індетінің адамға жұғу фактісі біздің өңірде көбеймесе, азаймай отыр. Өткен жылы облыста 55 ауру тіркеліп, 2015 жылмен салыстырғанда екі есеге өскен. Бір ғана Қызылқоға ауданында 31 ауру анықталған.
      Департамент басшысының сөзінше, халықтың бруцеллезбен ауруына шалдығуы мен көрсеткішінің өсуі Қызылқоға және Индер аудандарындағы ауыл шаруашылығы малдары, әсіресе ұсақ мал (қой, ешкі) арасындағы бруцеллездің тарауы және онымен күресудің кейбір проблемалық мәселелерімен байланысты болып отыр.
      - Атап айтқанда, ол малдардың қозғалысын бақылау, бруцеллезге жоспарлы тексерістер жүргізу, ұсақ мүйізді малдар арасында  бруцеллез бойынша қолайсыз елді мекендегі шаруашылықтарға шектеу жұмыстарының дұрыс шешім таппауынан туындаған мәселе,- дейді ол.
      Өткен жылы тұрғындар арасында құтырумен аурушаңдық тіркелмеген. Алайда, аймақ тұрғындары арасында жануарлардың тістеуі немесе тырнауынан, сілекейленуінен зардап шеккен 1494 адам медициналық көмекке жүгініп, 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш – 252,2-ні құраған. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 9,2 пайызға жоғары (2016 ж. – 1327 адам, көрсеткіш – 224,0) болыпты.
      Айта кетейік, жалпы өткен жылда облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне тұтынушылардан  жазбаша түрде 34 өтініш түскен. Сондай- ақ, «Қауырт желі» телефондары арқылы 562 қоңырау шалынса, оның ішінде 421-і (75 пайызы) бөлшек сауда саласы, 41-і (7,3 пайыз) коммуналдық қызмет көрсету, 36-сы (6,5 пайыз) тұрмыстық қызмет көрсету саласы, 8-і (1,5 пайыз) қоғамдық тамақтану саласына ал 4-еуі (0,7) жолаушылар тасымалы саласына қатысты болыпты. Ал, жыл ішінде тұтынушылардан олардың құқықтарын қорғау органдарына 289 жеке және 933  заңды тұлғалардан барлығы 1222 өтініштер келіп түскен.


      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _____     __   __    ______    ______    _____   
      |  __ \\   \ \\/ //  /_   _//  /_   _//  / ____|| 
      | |  \ ||   \ ` //     | ||     -| ||-  / //---`' 
      | |__/ ||    | ||     _| ||     _| ||_  \ \\___   
      |_____//     |_||    /__//     /_____//  \_____|| 
       -----`      `-`'    `--`      `-----`    `----`  
                                                        
      
       
      Наверх