28 мая 2017, 5:12
      Мұнай 09.02.2017, 18:44 0 пікір 298 просмотров

      Теңіздегі өрттен зардап шеккен екі жұмысшы ауруханаға жеткізілді

      Бүгін, 9 ақпан күні Астана уақытымен 13.13-те Жылой ауданындағы Теңіз поселкесінің 3 мөлтек ауданында орналасқан «Саян» ЖШС-нің жатақханасы өртке оранды.


      Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына 3 техника мен жеке құрамнан 12 адам жөнелтілген. Өртті ауыздықтауға жалпы 8 техника мен 17 адам қатысқан. Баспасөз қызметі өрттің түс қайта 2-ден кете ауыздықталғанын хабарлап отыр.  Өрт сөндірушілер келіп жеткенше жатақханада болған  жұмысшылар өрт болған жерден өздері шығып кеткен. Бірақ, жатақхананың екінші қабатынан секірген «Хисарион» күзет мекемесінің жұмысшылары К.Майсиев пен Б.Супуғалиев жарақаттанып қалған. Оларға дер кезінде көмек көрсетіліп, олар ТШО-ның клиникасына жеткізілді. Мамандар олардың жағдайы бірқалыпты екенін хабарлады.


      Гүлзада Қожабергенқызы
           

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____      ___      ______   _    _   __    __  
       /  ___||   / _ \\   /_   _// | || | || \ \\ / // 
      | // __    / //\ \\  `-| |,-  | || | ||  \ \/ //  
      | \\_\ || |  ___  ||   | ||   | \\_/ ||   \  //   
       \____//  |_||  |_||   |_||    \____//     \//    
        `---`   `-`   `-`    `-`'     `---`       `     
                                                        
      
       
      Наверх