30 апреля 2017, 18:48
      Денсаулық 01.02.2017, 15:33 0 пікір 478 просмотров

      Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі халыққа не береді?

      Өткен жылдан бері Қазақстанға міндетті медициналық сақтандыруды енгізу туралы заң жобасы қоғамда қызу талқыға түскен еді. Жалпы медициналық сақтандыру дегеніміз не? Бұл жүйе халыққа несімен тиімді? Біз осы сауалдарды Атырау қалалық №1 емхананың бөлім меңгерушісі Маржан ЖАБАСОВАҒА қойған болатынбыз.


         Сонымен, ағымдағы жылдың шілде айынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналарды төлеуді бастаймыз. Аталмыш жүйе елімізде кезең-кезеңімен жүзеге аспақ. Яғни, 2018 жылдың қаңтар айынан бастап, жарты жыл бойы төлеп келген жарнамызды кәдеге жарата бастаймыз.

         Қалалық №1 емхананың бөлім меңгерушісі Маржан Жабасованың айтуынша, міндетті әлеуметтік меди­циналық сақтандыру жүйесін енгізу – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қа­дам» Ұлт жоспары аясында жүзеге асқан Үкіметтің алдына қойған тікелей міндеттерінің бірі. Бұл біздің еліміз үшін аса маңызды әлеуметтік реформа болмақ. Енді медициналық сақтандыру жүйесі бізге не береді деген мәселеге келсек, дәрігер Маржан Жабасова ол- біріншіден, тұрғындарды медициналық қызметке кететін елеулі шығындардан қаржылық тұрғыда қорғауға, жоғары сапа­лы медициналық қызметпен қамтамасыз етуге, медициналық қызмет көрсету жүйесінің тиімділігі және қаржылық тұрақтылығының кепілін арттыруға мүмкіндік ту­дыратынын айтады. Өз кезегінде бұл медицина қызметінің тұрғындар үшін қол жетімділігін арттыруға оң ықпал етпекші. Жүйе сондай- ақ, денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға мемлекеттің, жұмыс берушінің және қызметкерлердің ортақтаса атсалысуына негізделген.

          Маманның  сөзінше, жаңа жүйе бойынша медициналық қызметтердің бірнеше түрі тегін болады. Атап айтқанда, мемлекет жедел жәрдем қызметін, санитарлық авиацияны, әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеуді, төтенше жағдайда көмек көрсетуді және алдын алу шараларына қатысты екпелерді өз міндетіне алады.

      -      Жүйе енгізілгеннен кейін еліміздің барлық тұрғыны – баладан бастап зейнеткерге дейін тегін медициналық көмек аясында барлық қажетті дәрігерлік көмекті  алады.

      Жүйені енгізу кезеңдеріне келетін болсақ, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың, жеке тұлғалардың аударымдары мен жарналарының қорға төлеу мерзімі басталады. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет әлеуметтік аз қамтылған азаматтар үшін жарналарды төлеуді бастайды. Осылайша, Қазақстан  Республикасының  азаматтары мен оралмандарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу құқығы жүзеге асырылады,- дейді дәрігер.

      Тағы бір айта кететіні, жаңа жүйе бойынша азаматтардың жеке шығындары да азаяды. Әдетте,  денсаулық сақтаудың жалпы шығындары бойынша елімізде 35 пайыздан жоғары болса, ал,  дүние  жүзі  елдерінде  20 пайыз деңгейінде екен. Осыған дейін көрініс алып келген дәрігерлерге «ризашылығын» білдіру үшін берілетін «бейресми төлемдер», медициналық көмекке өз қалтасынан төленетін қаражаттың кемитінін айта кеткен жөн.

      -      Экономикалық белсенділігі төмен тұрғындар үшін жарнаны мемлекет төлесе, жалдамалы жұмыскерлер үшін олардың жұмыс берушілері төлейді. Салық төлеу органдарында тіркелген жұмысшылар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жарна төлеуді өздері қамтамасыз етеді.
      Жалпы, Ұлт денсаулығын сақтау – мемлекет назарындағы басты мәселелердің бірі. Сондықтан да, медицина саласындағы реформалар халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған. 

      Болашақта әлеуметтік медициналық сақтандыру шаралары сәтті жүзеге асса, халықтың өз денсаулығына деген жауапкершілігі артып, аурулардың алдын алу мен күрделі ауруларды емдеу ісі одан әрі ілгерілей түспек. Біздің міндетіміз  –  сапалы да тиімді медициналық көмек көрсету арқылы емделушілердің сеніміне ие болуына қол жеткізу. Өйткені, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – бұл мемлекеттің әлеуметтік мүдделерін қорғау саласындағы халықтың денсаулығын сақтау жүйесі,- дейді Маржан Жабасова.

      Осы орайда  Атырау  қалалық  №1 емханада  атқарылып жатқан шаралар легі де аз емес. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» тақырыбында емхана қызметкерлеріне дәрістер жүргізіліп, аталған жүйеге дайындық жұмыстары жүйелі басталып кеткен.


      Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
                 __   __    _____    __   __            
        ____     \ \\/ //  |__  //   \ \\/ //   ____    
       |    \\    \ ` //     / //     \ ` //   |    \\  
       | [] ||     | ||     / //__     | ||    | [] ||  
       |  __//     |_||    /_____||    |_||    |  __//  
       |_|`-`      `-`'    `-----`     `-`'    |_|`-`   
       `-`                                     `-`      
      
       
      Наверх