23 сентября 2017, 11:32
      Аймақ 22.08.2013, 11:42 0 пікір 2345 просмотров

      Қаржы полициясы 3 млрд.теңге бюджет қаражатын жөнсіз пайдаланудың алдын алды

      Ол мемлекеттік органдар базаларының мәліметтері мен басқа да ашық ақпарат көздеріндегі мағлұмат ресурстарын пайдалану жолымен елдегі қылмыстық жағдайды саралайды.
      Ахуалдық орталықтың қызметі жұмыс орнынан шықпай, талдау жолымен қылмыстарды бастапқы кезеңдерде анықтап, олардың жолын кесуге мүмкіндік береді.
      Ахуалдық орталықтың сарапшылары бағалары асырылған сатып алуларды анықтау және уақытылы әшкерелеу мақсатында мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың сатып алулар жоспарларына күн сайынғы режимде мониторинг жасайды.

      Осылайша қаржы полициясы жылдың басынан бері 3 млрд.теңгеге жуық бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудан сақтап қалды.
      Мысалы, осы айда Ақмола облысының аудандарының бірінің ауыл шаруашылық бөлімімен жоспарланған АИ-92 бензиннің 1 литрін 325 теңгеден сатып алуға жол берілмеді. Қаржы полициясының уақытылы іс-әрекеттерінің арқасында 1 млрд. теңге бюджет қаражаты үнемделді, конкурс өткізілген жағдайда бұл соманың ұрлануының ықтималдығы өте жоғары еді.
      Осындай жұмыс басқа аумақтарда да жүргізіліп отыр.
      Атап айтқанда, Маңғыстау облысында бірқатар мемлекеттік ұйымдарға қатысты жүргізілген ұқсас жұмыстың нәтижесінде 60 млн.теңгеден астам сомма үнемделді, оның ішінде:
      1.    «Тазалық» МКК – 5 млн.теңгеден астам;
      2.    «Каспий жылу, су арнасы» МКК – 19 млн.теңгеден астам;
      3.    «АММТП» ҰК» АҚ – 32,5 млн.теңгеден астам;
      4.     «Каспий жылу, су арнасы» МКК – 3,7 млн.теңгеден астам.
      Бұдан басқа, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік Университеттің 2013 жылға арнлаған мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспарын саралау барысында тұрғын пәтерлерді көтермеленген бағамен сатып алудың жоспарлану фактілері анықталды.
      Сонымен, 4 бөлмелі пәтерді 32,2 млн.теңгеге (214 667 АҚШ доллары), 5 бөлмелі пәтерді – 37,5 млн.теңге (250 мың АҚШ доллары) сатып алу жоспарланған. Алайда ақпараттық, электрондық және мерзімдік басылымдарда Атырау қаласындағы 4 бөлмелі пәтерлердің нақты бағасы 16,5 млн.теңгеден 22,5 млн.теңгеде дейінгі соманы (110-нан 150 мың АҚШ долларына дейін), 5 бөлмелі пәтерлердің – 22,5 млн.теңгеден 27 млн.теңгеге дейінгі (150-180 мың АҚШ доллары) сомманы құрайтындығы анықталды.
      Университеттің жауапты тұлғалары пәтерлердің нақты бағаларын жалпы сомасы 20,2 млн.теңгеге асырылуын түсіндіре алмады, содан соң аталған жылдық мемлекеттік сатып алулар жоспарын қайта қарастырды.
      Осылай қаржы полициясы органдары қылмыс жасалуының алдын алып, жағымсыз салдарының келуін күтпей, жолын кесуге жұмыс істейді.

      finpol.gov.kz

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______    _____    _    _      ___      ______  
       /_____//  |  ___|| | \  / ||   / _ \\   /_   _// 
       `____ `   | ||__   |  \/  ||  | / \ ||  `-| |,-  
       /___//    | ||__   | .  . ||  | \_/ ||    | ||   
       `__ `     |_____|| |_|\/|_||   \___//     |_||   
       /_//      `-----`  `-`  `-`    `---`      `-`'   
       `-`                                              
      
       
      Наверх