30 апреля 2017, 18:47
      Денсаулық 20.01.2017, 15:34 3 пікір 1437 просмотров

      Индер ауданына дәрігерлер керек

      Кеше Индер ауданына қарасты Елтай ауылдық округінің әкімі Ербол Жексенұлы тұрғындар алдында есеп берді. Тұрғындармен өткен кездесуге Индер ауданы әкімі Серік Бисешұлы қатынасты.


      Жиында Елтай ауылдық округінің әкімі 2016 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы жылға атқарылар міндеттер жайында баяндама жасады. Баяндамада көрсетілгендей Елтай ауылдық округі бойынша былтырғы жылы ауыз толтырып айтарлықтай қызметтер жасалған.

      Одан соң сөз алған Индер ауданы әкімі Серік Бисешұлы жалпы аудан бойынша жасалып жатырған жұмыстар, жасалуға тиіс шаруалар туралы мәлімет берді. Аудан басшысы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік саласындағы тыңдырылған жұмыстарға тоқталды.

      - Биылғы бірінші жартыжылдықта Құрылыс, Ынтымақ, Аққаладағы мектептер мен Есбол, Бөденедегі мәдениет үйлері, Жарсуаттағы саз мектебі, орталықтағы 60 пәтерлік үйлердің пайдалануға тапсырылады деп жоспарланып отыр. Одан басқа жазғы су желілерінің жұмыстары жүріп жатыр. Кенттегі кәріз желілері, Индер-Бөдене газ желісі жаңғыртылуда. Сондай-ақ Бөденеде мектеп пен кеңсе үйі жөндеуден өтпек. Бөденеде балабақша құрылысын жүргізу де жоспарда бар, - деді аудан басшысы.

      Серік Бисешұлы өз кезегінде аудан бойынша мүлікті заңдастыру бағытындағы жұмыстар әлі күнге өз деңгейінде жүзеге аспай отырғандығын қынжыла жеткізді. Бұған қоса аудан бойынша дәрігер мамандардың жетіспеушілігі ең үлкен мәселе болып отырғандығына тоқтала келе, осы сала мамандарын ауданға қызмет етуге шақырып, жас маман дәрігерлер тұрғын үймен, біржолғы көтермеқымен қамтылатындығын қаперге берді.

      Жиын соңында аудан әкімі ауылдық округ әкімдерін 47 бағам бойынша бағалайтындығын айтып, Елтай ауылдық округі әкіміне әлі де болса жұмыстану керектігін тапсырды.


       

      Арайлым БАҒЫТЖАН

      Пікірлер

        • Азат
        • 03.02.2017

        Келген даригерлерге жагдай жасамайсындар. Кайдан келип жумыс жасасын! Мыкты мамандар болдыго ауданда, жагдайын жасамагандыктан ауданнан кетти!

        • Акжан Бурабаева
        • 03.02.2017

        Мен 2005 жылдан бери уйдин кезегинде турмын Али кунге бир уге кезегим жете алмай журмин казирги уакытта уй жалдап журмин балаларым болса кызым бой жетип улым ер жетип отыр бир жетпейтин жылжымайтын кезек былтыргы уй алгандардын бир талайында уй бар баска биреудин атына жазып койган сондайлар уй Алды близ сияктылар баягы жартас бир жартас Али журмиз

        • масқар
        • 14.02.2017

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       __   _    _    _     _____      ___              
      | || | || | || | ||  |__  //    / _ \\    ____    
      | '--' || | || | ||    / //    / //\ \\  |    \\  
      | .--. || | \\_/ ||   / //__  |  ___  || | [] ||  
      |_|| |_||  \____//   /_____|| |_||  |_|| |  __//  
      `-`  `-`    `---`    `-----`  `-`   `-`  |_|`-`   
                                               `-`      
      
       
      Наверх