22 сентября 2017, 17:50
      Қоғам 04.01.2017, 11:16 0 пікір 381 просмотров

      Уақытша тіркеуге тұрмағандар айыппұл төлейді

       
      Еске сала кетсек, осыған дейін елімізде мекенжай бойынша тіркеуге тұрмаған азаматтарға қатысты жауапкершіліктің күшейтілетіні хабарланған болатын.


      Енді Қазақстанда келген жеріне тіркеуге тұруды міндеттеу туралы қабылданған жаңа заң  тұрғындарының наразылығына ұшырауда. Бұған танымал заңгер Джохар Өтебековтің өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазған ақпараты түрткі болды. Оның айтуынша, тұрғындардың «көші-қон туралы" заңда "уақытша келу орны (тұру)" деген түсінік пайда болған. Яғни, азаматтар келген  жеріне уақытша тіркеуге тұрмаса, 7 АЕК (16 000 теңге) түрінде айыппұл төлейтін болады.
      -Егер сіз Қазақстан ішінде оқуға, ұзақ уақытқа жұмыс сапарымен, қонаққа, жұмыс істеуге келсеңіз, онда 1 айдан артық тұра алмайсыз. Бір айдан соң сіз уақытша тіркеуге тұру керек боласыз. Тіпті, Алматының ішінде апаңызға немесе көршіңіздің үйіне барып тұрсаңыз да, уақытша тіркеуге тұру керек, - деп мысал келтірді Өтебеков.Ал, жалға алушылар болса, егер үйінде уақытша тіркеуі жоқ азамат бір айдан астам уақыт тұрса, онда ол 10 АЕК (23 000 теңгеге жуық) көлемде айыппұл төлейді. "Мұның, бәрлығы, әрине, БҰҰ азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пакті мен Конституцияны бұзу, ел ішінде жүріп-тұруды шектеу", - дейді ол. Оның бұл жазғанына әлеуметтік желі қолданушылары оз ойларын білдіріп жатыр. Олардың бірі:
      -Бұл жайт, әсіресе, жаңа жылдық мереке қарсаңында немесе тамыз-қыркүйек айларында қандай түсініспеушілік тудыратынын елестеттім. Ол кезде адамдар туыстарына, достарына қонаққа барады, студенттер басқа қалалардан демалысқа келеді. Бұл кезде тұрғындар тиісті қызмет көрсету орындарына лек-легімен ағылатын болады. Мұндай орталықтар техникалық және ұйымдастырушылық тұрғыдан бұған дайын ба?", - десе, енді бірі:
      -Қызық. Қазақстан әлемнің 50-ге жуық елі үшін визаны алып тастады. Бірақ өз азаматтарына уақытша тіркеуге тұрмағаны үшін айыппұл салады. Неге бізде бар жақсы қонақтарға болуы керек? Бәлкім, өз азаматтарымызға да сәл де болса сыйластық танытқан жөн шығар?, - деп жазған.
      Ал, заңгер Д.Өтебеков  елімізде экстремизммен күресу үшін қабылданған бұл заңның "басыбайлылық құқығын" күшейтетінін де айтып отыр.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
         _____    _____     _  __    _____    _    _   
        / ___//  |  ___||  | |/ //  |  ___|| | || | || 
        \___ \\  | ||__    | ' //   | ||__   | || | || 
        /    //  | ||__    | . \\   | ||__   | \\_/ || 
       /____//   |_____||  |_|\_\\  |_____||  \____//  
      `-----`    `-----`   `-` --`  `-----`    `---`   
                                                       
      
       
      Наверх