19 сентября 2017, 17:38
      Қоғам 28.12.2016, 15:20 0 пікір 393 просмотров

      От шашулардан қалай сақтанамыз?

       Статистикалық мәліметке сүйенсек, өткен жылы республика аумағында жаңа жылдық іс – шаралар кезінде, яғни 28 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында 234 өрт оқиғасы, 267 өртке жатпайтын жану оқиғасы тіркелген екен.


      Енді бір-екі күнде жаңа 2017-ші жыл есік қаққалы тұр. Мерекелік от шашусыз өтпейтін бұл күнді, әсіресе, балалар асыға күтеді. Сондықтан облыстағы Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тұрғындарды пиротехникалық өнімдерді қолдануда сақтық шараларын сақтауға шақыруда. Нақты айтқанда, Атырау облысы ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы мереке күндері сақталуы тиіс негізгі өрт қауіпсіздігі ережелері туралы еске салады. Соның ішінде от шашулар тек арнайы сату орындарынан алынып, олар жылыту қондырғыларынан, тез жаңғыш заттардан алыс және балалардың қол жетпейтін жерлерде сақталуы керек. Сондай-ақ, от шашуларды ғимараттар мен құрылыстардан, жабындар мен ағаштардан  алыс және ашық алаңдарда атқан жөн. От шашуларды қатты желде пайдалануға, қолдан, терезеден және адамдар көп шоғырланған жерлерде атуға жол берілмейді.
      -От шашуларды дұрыс пайдалану және басқа да өрттен қорғану ережелері мен талаптарын орындау - мерекелік шараларды қауіпсіз және көңілді өткізуге мүмкіндік береді, - дейді мамандар.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ____      ______    _____     ______    ______  
       |  _ \\   /_   _//  / ____||  /_   _//  /_   _// 
       | |_| ||   -| ||-  / //---`'   -| ||-   `-| |,-  
       | .  //    _| ||_  \ \\___     _| ||_     | ||   
       |_|\_\\   /_____//  \_____||  /_____//    |_||   
       `-` --`   `-----`    `----`   `-----`     `-`'   
                                                        
      
       
      Наверх