23 маусым 2017, 9:26
      Аймақ 06.12.2016, 12:24 0 пікір 248 просмотров

      Жанар - жағар май бекетіне қарақшылық шабуыл жасаған

      Атырау облысының Жылыой аудандық соты қарақшылық қылмыспен айыпталған сотталушы М.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.


      Іс материалдары бойынша М. және қылмыстық ісі бөлек өндіріске бөлінген Е. екеуі Құлсары қаласында орналасқан «Sinooil» ЖШС-нің №8 жанар-жағармай бекетіне кіріп,  кірген бойда М.өзімен бірге алып келген 16 калибрлі «ТОЗ-63» маркалы ұңғысы мен дүмбісі кесілген қос ауызды шолақ мылтықты сол жерде күзетшіге кезеп, ататынын айтып қорқытып, ал екіншісі сол жердегі  оператор – кассир С.Избаеваның қасына барып, пышақ көрсетіп, кассада болған барлығы 23 000 теңге ақшаны қарақшылық жолмен жымқырып, оқиға болған жерден бой тасалап қашып кеткен.Сотталушының қылмыстық әрекеті сот отырысында өзінің мойындау жауаптарынан басқа, заттай дәлелдемелермен, іс-құжаттарымен толықтай дәлелденді.Сот отырысында сотталушы  өзіне тағылған айыпты толықтай мойындап, жасаған қылмыстық іс әрекетіне өкініп, кінәсін мойындап ішкі істер органына барғанын, өзін қатаң жазаламауды сұраған. Бірақ, сотталушыМ.  Қазақстан Республикасының ҚК-нің 11-бабының талабына сай, ауыр қылмыстар санатына жататын әрекетті жасаған, яғни, бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында шабуылға ұшыраған адамның өмiрі мен денсаулығына қауiптi күш қолдану қатерін төндірумен ұласқан шабуылды адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасаған. Сот үкімімен сотталушы М. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 288 бабының 1 бөлігімен, 287 бабының 3 бөлігімен, 192 бабының 1 бөлігімен айыпты деп танылып, оған  түпкілікті 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.


       

      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______   _    _     _____      ___      ______  
       /_   _// | || | ||  /  ___||   / _ \\   /_   _// 
       `-| |,-  | || | || | // __    | / \ ||  `-| |,-  
         | ||   | \\_/ || | \\_\ ||  | \_/ ||    | ||   
         |_||    \____//   \____//    \___//     |_||   
         `-`'     `---`     `---`     `---`      `-`'   
                                                        
      
       
      Наверх