23 маусым 2017, 9:30
      Денсаулық 05.12.2016, 18:36 2 пікір 943 просмотров

      Дәрігерлер Тәуелсіздікке тарту жасамақ

      Ертең, 6-желтоқсан күні Атырау облыстық офтальмологиялық ауруханасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына  орай «Ашық  есік  күнін» өткізуді  жоспарлап отыр.


      Бұл шара жөнінде аурухананың бас дәрігері Мұрат Құсайынов:

      -Мақсатымыз - Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толу мерекесі қарсаңында облыс тұрғындарына, оның ішінде аз қамтылған азаматтарға  қолжетімді  тегін медициналық көмек көрсету болып отыр. Яғни, біздің дәрігерлеріміз осы күні келушілерді тексеруден тегін өткізеді. Сонымен қатар, «Ұлы дала елі – тәуелсіздіктің 25 негізі» атты жұлдызды 25 күн аясында  ауруханада бұрын еңбек еткен кіші  медицина қызметкері,  бүгінде өмірден  өтіп  кеткен Шаукеева Баршагүлдің  студент балаларына 25000 теңге көлемінде қаржылай  көмек  көрсетуді жөн санадық, - дейді.Осылайша, облыстың көз дәрігерлері тұрғындарды тосын сыймен қуантпақ.

      «Ашық есік күні» шарасы барысында қызмет жасап жүрген  еңбек озаттарына ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына  орай   мақтау  грамоталары  беріліп, Тәуелсіздік  құрдастары - екі жас маманға  5000 теңгеден  сыйлық ұсынылады. Мереке соңы сазды  кешке жалғасады.


       

      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

        • Гульнара
        • 05.12.2016

        Оте жаксы, куантарлык жаналык
        Дэригерлерге мын алгыс

        • Гульнара
        • 05.12.2016

        Оте жаксы, куантарлык жаналык
        Дэригерлерге мын алгыс

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _  _    __   __   ______     ______    ______  
       | \| ||  \ \\/ // |      \\  /_   _//  /_____// 
       |  ' ||   \ ` //  |  --  //   -| ||-   `____ `  
       | .  ||    | ||   |  --  \\   _| ||_   /___//   
       |_|\_||    |_||   |______//  /_____//  `__ `    
       `-` -`     `-`'   `------`   `-----`   /_//     
                                              `-`      
      
       
      Наверх