20 тамыз 2017, 6:31
      Аймақ 05.12.2016, 16:03 0 пікір 530 просмотров

      Кенге бай Индер

      Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Атырау өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімдерімен өтіп жатқан брифингтердің кезегін Индер ауданы жалғады. Индер ауданы әкімі Серік Бисешұлы журналистермен кездесіп, Тәуелсіздік жылдарындағы ауданның жеткен жетістіктері мен бағындырған белестері турасында баяндады.


      Аудан әкімі өз сөзінде: «Қойнауына Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің түгелге жуығын бөктерген Дендер күмбезінің аты әуел бастан өндірісімен, әсіресе тау-кен өнеркәсібімен шыққан. Тәуелсіздіктің елең-алаң шағында ондаған жылдар бойы құрылған экономикалық байланыстың үзілуі  аудан экономикасына да елеулі зардабын тигізді. Мысалға алсақ: желілік өндірістік басқармасында 800 ден 1000-ға дейін адам қызмет жасаса, аудан өнеркәсібінің тірегі, аудан бюджетінің негізгі доноры болған 1500 ге жуық жұмысшы қызмет еткен «Индер борат руднигінің» тарауы өндірісті өлкенің өнеркәсібін біршама тұралатты» дей келе, Үкімет тарапынан көрсетілген пәрменді қолдаулардың нәтижесінде ауданда жергілікті шикізат негізінде өнім шығарумен айналысатын бірнеше кәсіпорын жұмысын бастағандығын тілге тиек етті.

      Аудан әкімі Серік Арыстанның айтуынша, «Индер борат руднигінің»  ізінде 1999 жылы құрылған «ИСИ Гипс Индер» ЖШС  гипскартонның 4 түрін және кальцийленген гипс өндірсе,  «Тұз» ЖШС тұз өнімдерін шығарумен, «ПромСтройЦентрСервис» ЖШС гипс ұнтағы және қабырғааралық плиталар шығарып, Қазақстанның ішкі нарығын айтпағанда, алыс-жақын шетелдердің сұранысын өтеуде. Сондай-ақ «Еркор», «Үш Есен», «ҚАЖ»  ЖШС халықты тау тасын уату арқылы қиыршық тас қоспасымен және қиыршықты қоспа топырақ өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді. Аталған кәсіпорындарда 200 ден астам жергілікті халық жұмыс жасайды.

      Аудан бойынша өнеркәсіп өнімдерінің көлемі барлық меншік түрлері бойынша 2005 жылы тұңғыш рет миллиардтық межеге өтіп, 2015 жылдың  қорытындысымен 1 млрд. 662 млн. теңгеге жетті. Бұл – аудандағы тау-кен индустриясына жан біткен 2001 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артық.


      Арайлым БАҒЫТЖАН

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _  __     ___      ____      ______   ______   
       | |/ //   / _ \\   |  _ \\   /_   _// |      \\ 
       | ' //   | / \ ||  | |_| ||   -| ||-  |  --  // 
       | . \\   | \_/ ||  | .  //    _| ||_  |  --  \\ 
       |_|\_\\   \___//   |_|\_\\   /_____// |______// 
       `-` --`   `---`    `-` --`   `-----`  `------`  
                                                       
      
       
      Наверх