20 тамыз 2017, 6:27
      Экономика 05.12.2016, 14:55 0 пікір 408 просмотров

      Индерде құрылыс қарқынды жүруде

       «Атырау-Орал», «Атырау-Индер» тасжолының пайдалануға берілуі, елді-мекендерге кірме жолдардың салынуы, Жайық өзенінің үстінен салынған арман болған автомобиль көпірі халықтың ұзақ жылдар күткен қуанышы болса, қазір халық кәдесіне жарап тұр. Атырау өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Индер ауданы әкімі Серік Бисешұлы осылай деді.


      Аудан басшының айтуынша, жалпы алғанда ширек ғасыр ішінде аудан бойынша жалпы ұзындығы 52 шақырым болатын 69 көшенің жолы күрделі жөндеуден өтті.

      Тәуелсіздік алғаннан кейін құрылыс саласында да қарқынды жұмыстар бастау алды.

      Осы кезең ішінде жаңадан білім саласы бойынша – 4, мәдениет саласында – 2, денсаулық сақтау саласында-10, спорт саласында – 6,округ әкімдеріне – 3, барлығы 25 ғимарат салынып, халық игілігіне берілді.

      Осы жылдар ішінде Индербор кентінің шекарасы жаңадан салынған «Көктем», «Болашақ», «Шығыс» мөлтек аудандарымен толықты. Аталған 3 мөлтек ауданда жеке тұлғалардың өз күшімен 830 тұрғын үй пайдалануға берілсе,  2015 жылы алғаш рет бюджет қаражаты есебінен Индербор кентінде 60 пәтерлік 2 үй, бір 10 пәтерлік қызметтік үй салынды.

      Аудан экономикасының дамуы әлеуметтік салаға да оң өзгерістер енгізді. Көрсеткіштерге көз жіберсек, жұмыссыздық деңгейі 2011 жылы 5,8 пайыз болса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 4,2 пайызды құрап, 1,6 пайызға төмендеген. Тұрақты жұмысқа орналасқандар саны  2011 жылы 821 құраса, 2016 жылдың 10 айында ғана 922 адамды құрады.

      Мемлекеттен берілетін несиелік қаржының да саны жыл санап өсуде. Жұмыссыздықпен күреске ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы да жаңа серпін берді. Мысалы, «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту» бойынша 2011-2016 жылдар  аралығында 251 адамға 643 млн. 510,0 мың теңгенің шағын несиесі беріліп, сол 251 адамның 12-сі – егін шаруашылығын дамытып, 230 адам – мал өсіріп, 9 адам – шағын наубайхана ашып, халыққа қызмет көрсетуде. Шағын несие алушылар 148 жаңа жұмыс орынын ашылды.


      Арай БАҒЫТЖАН

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______     ___     _    _    _    _    _____    
       /_   _//   / _ \\  | \  / || | || | || |  __ \\  
         | ||    | / \ || |  \/  || | || | || | |  \ || 
        _| ||    | \_/ || | .  . || | \\_/ || | |__/ || 
       /__//      \___//  |_|\/|_||  \____//  |_____//  
       `--`       `---`   `-`  `-`    `---`    -----`   
                                                        
      
       
      Наверх