23 маусым 2017, 9:18
      Денсаулық 05.12.2016, 10:22 0 пікір 318 просмотров

      Атыраулық кәсіпкерлердің көмегі

      Жүйке жүйесі ауруына (ДЦП) шалдыққан бір топ баланы NSS компаниясының құрылтайшысы Ибрагим Ақдрашев оңалту орталығына жіберетін болды.


      Атырау қаласындағы Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектептің оқушылары, бірінші және екінші сыныпта оқитын Злиха Серік, Эльдар Батырбекұлы мен Айсұлтан Дүйсемалиев бүгінде үйден білім алуда. Жуырда ғана осы аталған үш балаға іРad құрылғылары мен азық-түлік себеттері табыс етілді. Сыйлықтарды балаларға бас демеушінің ұлы — «НефтеСтройСервис» компаниясының жергілікті филиалының директоры Сүлеймен Ақдрашев үлестірген болатын.

      Күні бүгін атыраулық кәсіпкерлердің осындай игі шаралары әлі де жалғасын тауып келеді. Мысалы, өңіріміздегі жеке кәсіпкер Алтай Енжілов жоғарыда аты аталған мектептің оқушысы болып табылатын  тұлдыр жетім төрт баланы толықтай киіндіру мақсатында 300 мың теңге бөлген болса, «Балдәурен» сауда орталығының директоры Айгүл Күзекешова аз қамтылған бес отбасының балаларын 400 мың теңге қаражатқа киіндіріп берді. Әлеуметтік жағдайы төмен саналатын Құбашев, Есіркепов, Еркебаев, Жеделбаев отбасыларының балалары да осындай қамқорлық шараларынан тыс қалмады.


      Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
      __    __   __   __   _    _      ___      ______  
      \ \\ / //  \ \\/ // | || | ||   / _ \\   /_____// 
       \ \/ //    \ ` //  | || | ||  | / \ ||  `____ `  
        \  //      | ||   | \\_/ ||  | \_/ ||  /___//   
         \//       |_||    \____//    \___//   `__ `    
          `        `-`'     `---`     `---`    /_//     
                                               `-`      
      
       
      Наверх