29 маусым 2017, 11:20
      Қоғам 02.12.2016, 19:05 0 пікір 287 просмотров

      Атырау облысында егіс көлемі биыл 7,6 мың гектарға ұлғайтылған

      Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сырым Рысқалиевтің айтуынша, мұнайлы өңір алғаш рет осылайша өз тұрғындарын көкөніс және бақша дақылдарымен толықтай қамтамасыз етіп отыр.


       

      Нақтырақ айтқанда, биыл облыс бойынша 25 мың тонна картоп, 73 мың тонна түрлі көкөніс, 29 мың тонна бақша өнімдері жиналыпты. Облыс халқын ет және жұмыртқамен қамтуда да ілгерілеушілік байқалады. Мысалы, құс фермалары өткен 10 айда 81 млн. дана жұмыртқа өндірсе, жыл аяғына дейін бұл көрсеткіш 101 млн. данаға жететін көрінеді.

      - Көкөніспен біз өзімізді 150 пайызға қамтамасыз етіп отырмыз. Біздің облыстың алға қойып отырған басты міндеті – картоп өнімімен өзімізді өзіміз қамтамасыз ету. Бұл бойынша бізге облыс халқына қажеттілігі 54 мың тонна болатын болса, қазіргі таңда 25 мың тонна өндіріп отырмыз. Енді болашақта біз осы картоп дақылының көлемін ұлғайтып, сол арқылы тиісті межеленген өнімді алуды жоспарлап отырмыз,- дейді С.Рысқалиев.


       

      Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА


      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____     ______               ___    __    __  
       /  ___||  /_   _//   ____      / _ \\  \ \\ / // 
      | // __     -| ||-   |    \\   | / \ ||  \ \/ //  
      | \\_\ ||   _| ||_   | [] ||   | \_/ ||   \  //   
       \____//   /_____//  |  __//    \___//     \//    
        `---`    `-----`   |_|`-`     `---`       `     
                           `-`                          
      
       
      Наверх