20 тамыз 2017, 4:13
      Аймақ 02.12.2016, 13:38 0 пікір 359 просмотров

      Атырауда тергеу абақтысына жасырын ақша өткізбекші болған

      Бүгін, яғни 2 желтоқсан күні Атырау облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі  департаментіне қарасты УГ-157/1 мекемесінің қызметкерлері тергеу абақтысына жасырын түрде ақша өткізбекші  болған 25 жасар А.А. есімді азаматшаны ұстады.


      Ол«кісі өлтірді» деп айыпталған 26 жастағы А.К.-ге   оның әйелі әрі қоғамдық қорғаушысы ретінде кездесуге келген кезде ойын іске асырмақшы болған. Оны тінту кезінде күртешесінің төс қалтасынан жасырын түрде мекеме аумағына заңсыз кіргізбекші болған ақша табылып тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша құжаттар жинақталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.УГ-157/1 мекемесі бастығының орынбасары әділет майоры  Ерлан  Даулеткалиевтің айтуынша, дәл осындай оқиға ағымдағы жылдың қараша айының басындаорын алған. Онда да тергеуге қамалған тұлғаға сіңлісі әрі қоғамдық қорғаушысы заңсыз түрде жасырын ақша алып келе жатқан жерінен ұсталған еді. Сол кезде Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен оған 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған болатын.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______    ______               ___     _    _   
       /_____//  /_   _//     ___     / _ \\  | || | || 
       `____ `    -| ||-     /   ||  / //\ \\ | || | || 
       /___//     _| ||_    | [] || |  ___  ||| \\_/ || 
       `__ `     /_____//    \__ || |_||  |_|| \____//  
       /_//      `-----`      -|_|| `-`   `-`   `---`   
       `-`                     `-`                      
      
       
      Наверх