1 мая 2017, 0:46
      Спорт 29.11.2016, 15:21 0 пікір 324 просмотров

      Бір күнде 6 медаль иеленді

      Ол- Атырау энергетика және құрылыс колледжінің студенті Артём Карепанов. Суға секіруден өткен ел біріншілігінен қанжығасын қомдаған жас спортшы ересектер арасында өткен біріншілікте күміс жүлдеге ие болса, суда жұптасып жүзуден екінші орынды еншілеген. Ал, жасөспірімдер арасындағы жарыс түрінен екі күміс, екі қола жүлдеге қол жеткізіп отыр.


      С.Қазыбаев атындағы балалар үйінің түлегі, 19 жастағы Артёмның суда жүзумен айналысқанына екі жыл ғана уақыт болған. Бұған дейін греко-рим күресіне қатысып Ресей, Өзбекстан елдерінде бағын сынап қайтқан ол, қазіргі кезде Атырау орталық жүзу бассейнінде құтқарушы қызметін атқара жүріп, суда жүзумен айналысып келеді. Оның бойындағы талантты ең бірінші болып орталық жүзу бассейнінің жаттықтырушысы Владимир Молчанов байқаған.

      - Қазір спортшының құжаттары спорт шебері атағына ұсынылып отыр. Ол Атыраудағы суда жүзушілер арасында алғашқы спорт шебері атанады. Біз оның болашағынан зор үміт күтеміз,- дейді жаттықтырушы.

      Ал, Артёмның өзі болса алдағы уақытта суда жүзу спорты бойынша Токиода өтетін Олимпиадаға жолдама алуды армандайды.


       

      Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______   _    _   __    __     ___     ______   
       /_   _// | || | || \ \\ / //   / _ \\  |      \\ 
       `-| |,-  | || | ||  \ \/ //   / //\ \\ |  --  // 
         | ||   | \\_/ ||   \  //   |  ___  |||  --  \\ 
         |_||    \____//     \//    |_||  |_|||______// 
         `-`'     `---`       `     `-`   `-` `------`  
                                                        
      
       
      Наверх