27 наурыз 2017, 2:56
      Денсаулық 28.11.2016, 13:47 0 пікір 224 просмотров

      Атырауда ВИЧ жұқтырғандар саны артып отыр

       Ресми дерек бойынша Атырау облысында  осы  жылдың 10 айында 19 адам АИТВ(ВИЧ)  жұқпасымен тіркелген. Оның 3 -і шетел азаматтары.


       

      Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9 адамға көбейген. Осы жылы АИТВ жұқпасымен 3 жүкті әйел тіркеліп, өсу ретімен олардың саны 49-ға жеткен. Жалпы, 1993 жылдан бері өсу нәтижесімен облысымызда 168 Қазақстан азаматтары, 61  шетелдік  осы дертпен анықталған екен. 

      Атырау облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен күресу және алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиологы  Маржан ИСПЕРГЕНОВА:

      «1-желтоқсан – Бүкіләлемдік  жұқтырылған иммун тапшылығы синдромына (ЖИТС-СПИД) қарсы күрес күні. Біріккен Ұлттар Ұйымының   АИТВ/ЖИТС (ВИЧ/СПИД) бағдарламасы   бойынша  «Мен қолдаймын! АИТВ-ның алдын алу»  атты  ұранмен осы жылдың 10 қарашасы  мен  10  желтоқсаны  аралығында  кампания  өткізілуде.  Мақсаты - АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселесіне  халық назарын аудару, ақпараттану деңгейін арттыру, жастар және әлеуметтік осал топтар арасында  алдын алу шараларын кеңінен ұйымдастыру, оларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау. Айта кететін жайт - адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ/ЖИТС) проблемасы тек  медициналық емес, сонымен  қатар әлеуметтік- экономикалық, мемлекеттік  қауіпсіздік  мәселелерін тудырады.          Сондықтан, бұл жаңа ұран әр азаматты АИТВ-ның алдын алу үшін бейтарап қалмай,  қоғамда белсенді болуға шақырады.  Атырау  облыстық   ЖИТС – тің алдын алу және  күресу орталығы да  барлық мекемелер мен ұйымдарды, әрбір тұрғынды осы кеселге қарсы  бірлесіп күресуге  шақырады, - дейді.


       

      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______   __   __              _____     _  _   
       /_   _//  \ \\/ //   ____     |  ___||  | \| || 
       `-| |,-    \ ` //   |    \\   | ||__    |  ' || 
         | ||      | ||    | [] ||   | ||__    | .  || 
         |_||      |_||    |  __//   |_____||  |_|\_|| 
         `-`'      `-`'    |_|`-`    `-----`   `-` -`  
                           `-`                         
      
       
      Наверх