24 шілде 2017, 0:41
      Аймақ 09.11.2016, 16:41 0 пікір 361 просмотров

      «Даму – Көмек» көмектесті

      Елімізде кәсіпкерлікті дамыту мақсатында құрылған «Даму» қоры бүгінде түрлі бағдарламалар арқылы кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп келеді. Аталған бағдарламалардың ішінде халыққа ең тиімдісі «Даму - Көмек» бағдарламасы болып отыр.


      Жалпы, «Даму-Көмек» бағдарламасы мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер мен тұрғындарға қажетті ресурстар, яғни, қаржылай көмек, мүлік, консультациялық қолдау, өзге қызметтер туралы ақпарат дәрежесін арттыру жолымен қолдау көрсету үшін құрылған.. Бұл бағдарламамүмкіндігі шектеулі адамдарды материалдық және кәсіби өсуге негіз болып табылатын кәсіпкерлік қызметті жүргізуге ынталандыратын жағдай жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жұмыс жасап жүрген мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерді бизнеске арақашықтықтан оқыту арқылы олардың біліктілік деңгейлерін арттыруға жәрдемдеседі. Қазіргі уақытта  арақашықтықтан оқыту өз бизнесін ашу және оны әртүрлі бағытта дамыту бойынша «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы шеңберінде арнайы әзірленген оқу курстарын қордың корпоративтік сайтына орналастыру арқылы іске асырылуда. Одан бөлек, мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздер бойынша экспресс-курсын тыңдаушылар қатарына қосыла алады. Айта кететін жайт - «Даму» қоры қаржыландырмайды. Бірақ, мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер және әлеуетті демеушілер мен кредиторлар арасында байланыстырушы буын болып әрекет етеді. Өткен аптада «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының Атырау аймақтық филиалы осы бағдарлама бойынша тағы бір «жеке кәсібін ашсам» деген Доссор тұрғыны Айгүл Адиловаға көмек қолын созды. Оған тігін машинасы табыс етілді.  III топ мүгедегі, 6 баланың анасы А.Абилова:

      -2013 жылы ауырып, мүгедектікке шықтым. Үйде отырғанда бос отырмайын деп, түрлі үй жабдықтарын, киімдер тігуді бастадым. Бірақ, тігін машинам бұзылып қалғасын былтыр осы «Даму» қорына келіп, көмек сұраған болатынмын. Енді, міне жаңа іс машинасына ие болдым. Қуанышымда шек жоқ. Менің өтінішіме атүсті қарамай, көмек берген филиал басшылығына зор алғысымды білдіремін,- дейді бізбен әңгімесінде. Ал, филиалдың қаржылық емес бағдарламалар жөніндегі менеджері Роза Байсалихованың айтуынша,  облыста «Даму-Көмек» бағдарламасы бойынша жыл басынан бері 9 адамға көмек көрсетіліпті.. Аталған бағдарлама алдағы уақытта да жалғасатын болады.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       __   __     ___       _____    ______   _    _   
       \ \\/ //   / _ \\    / ___//  /_   _// | \  / || 
        \   //   | / \ ||   \___ \\   -| ||-  |  \/  || 
        / . \\   | \_/ ||   /    //   _| ||_  | .  . || 
       /_//\_\\   \___//   /____//   /_____// |_|\/|_|| 
       `-`  --`   `---`   `-----`    `-----`  `-`  `-`  
                                                        
      
       
      Наверх