28 шілде 2017, 10:52
      Саясат 03.11.2016, 15:30 0 пікір 396 просмотров

      Ұйымдар бар- бас қосатын жері жоқ

      Атырау облысы әкімі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынас жасау жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Оны облыс әкімінің орынбасары, кеңес төрағасы Әлібек Нәутиев ашып, жүргізіп отырды.


      Жиында «100 нақты қадам» мемлекеттік бағдарламасының  «Біртектілік пен бірлік» бағытын жүзеге асыру бойынша үкіметтік емес ұйымдардың рөлі, тәжірибе алмасу мақсатында жыл ішінде іске асырылып жатқан үздік жобалар жайы туралы айтылып, келер жылға арналған мемлекеттік тапсырыстың тақырыптары талқыланды.

          Облыстық ішкі саясат басқармасы қоғамдық- саяси, талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Есенжан Керіковтің айтуынша, бұл бағыттағы іс-шаралар жоспары жасақталған. Сонымен қатар ол, «Шаңырақ – 2008», «Жастар таңдауы – Атырау», «Рауан» жастар қоры», «Жастарды қолдау орталығы» қоғамдық берлестіктері мен  «Жүректен- жүрекке», «Жас қоғам» жастар бастамаларын қолдау қорларының, «Жасыл ел» еңбек жасағының ұйымдастыруымен өткізілген бірнеше іс- шараларды атап өтті.

           Жиында  үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталықтарының жоқтығы да әңгіме болды. Мәселен, облыстағы  «Азаматтық Альянс» қоғамдық бірлестігі өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың басын біріктіріп, 2005 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Десек те, «Азаматтық Альянстың» кеңсесі», ал қоғамдық институттардың бас қосатын жері жоқ. Бұл өз кезегінде аталмыш бірлестіктер жұмысына әжептәуір қиындық келтіріп  отыр. Осы мәселені алға тартқан «Атырау облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалардың бірлестігі президенті Әлия Бекқожиева осындай проблемаларға қарамастан, бүгінде ауылдық жерлерде үкіметтік емес ұйымдардың саны артып келетіндігін айтты.

          Бұдан бөлек, облыста 64 жастар ұйымы тіркелген. Оның 29-ы белсенді жұмыс жасауда. Сондай- ақ, сегіз «Жастар ресурстық орталығы» бар. Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жасұлан Бисембиев бұл орталықтарда жастарға қажетті қызмет түрлері ұсынылатынын айтты. Ол өз сөзінде келер жылы «Жас отау» бағдарламасы аясында 100 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы жоспарланып отырғанын да жеткізді.

      -       Бізді жұмыссыз жастардың жайы алаңдатады. Базар маңы мен қоғамдық-көпшілік орындардағы ұрлықтардың белең алуы осы жағдайдың салдарынан болып отыр.

      Тағы бір тоқталар мәселе – түнгі клубтардың жұмысы кешкі 23 сағат шамасында «жанданады» да таңға дейін жалғасады. Ал, бұл жерлердің де негізгі қонақтары – жастар. Осы орындарды учаскелік полицияның бақылауы қажет,- деді облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев.

          Бұдан кейін келер жылға арналған мемлекеттік тапсырыстың тақырыптарына тоқталған кеңес төрағасы аудандардан ұсыныстардың аз түскенін, шараларды жоспарлағанда нақтылық қажеттігін баса айтты. Сонымен бірге, кееңс отырысына қатысушыларға ауылдық жерлерде әлеуметтік тапсырыстардың көзін ашу керектігін, бұл бағытта жұмыстардың жиі және мақсатты ұйымдастыруын тапсырды. Себебі, оның пайымдауынша, ауыл жастары мемлекеттік тапсырыстардың барын білмеуі мүмкін. Ал осы арқылы қоғамдық ұйымдар жұмыстарын жүйелендіруге болар еді.


      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____      ___       _____   _    _     _____   
       / ____||   / _ \\    / ___// | || | ||  / ____|| 
      / //---`'  / //\ \\   \___ \\ | || | || / //---`' 
      \ \\___   |  ___  ||  /    // | \\_/ || \ \\___   
       \_____|| |_||  |_|| /____//   \____//   \_____|| 
        `----`  `-`   `-` `-----`     `---`     `----`  
                                                        
      
       
      Наверх