22 маусым 2017, 18:04
      Экономика 27.10.2016, 12:19 0 пікір 729 просмотров

      Ауыл шаруашылығының ахуалы

      Құрманғазылықтар ауыл шаруашылығын өркендету бағытында мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдалана білуде.


       

      Мәселен, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 90 бас ірі қара орнына 107 бас алынып, жылдық жоспар 119 пайызға, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 1000 бас қой орнына 1352 бас алынып, жылдық жоспар 135 пайызға, «Құлан» бағдарламасы бойынша 280 бас жылқы орнына 129 бас алынып, жылдық жоспар 46 пайызға орындалып отыр.

      Ағымдағы жылдың 9 айында  аудан бойынша 7545,7 тонна ет, 10268,5 тонна сүт, 98,4 мың дана жұмыртқа өндіріп, мүйізді ірі қара - 55736, қой-ешкі - 203985, жылқы - 17786, түйе - 5107, құс - 3211 басқа жеткізілді, яғни өткен жылмен салыстырғанда ет пен сүт – 100 пайызға, жұмыртқа – 102,5 пайызға, мүйізді ірі қара – 99,7 пайызға, қой мен ешкі, түйе және құс – 100 пайызға, жылқы – 107,9 пайызға орындалған.

      «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, шаруашылық субъектілері барлығы 63884,3 мың теңге субсидия алды.

      Жыл басынан бері 42 рет жәрмеңке өткізіліп, тұтынушыларға 23100,0 мың теңгенің өнімін 10-15 пайыз арзан бағада сатылған.

      Қазір аудан бойынша 152398 тонна ірі сабақты мал азығы дайындалып, 102 пайызға орындалды. Аудан бойынша барлық егілген егіс көлемі 768,0 га болып, өткен жылға қарағанда 59,4 га өсті.

      Аудандағы 5 табиғат пайдаланушылар 2016 жылғы балық аулау науқаны басталғаннан бері 2767 тонна балық аулап, бөлінген лимиттің 82,5 пайызын орындады.

      Биыл Құрманғазы ауданында мүйізді ірі қара малы арасынан «Нодулярлы дерматит» ауруы белгісі анықталып, карантин қойылғаны белгілі. Ауру малдарды симптомдық емдеу, сондай ақ ауру малдарды сона мен масаға қарсы акарацидтік дезинфекция жасалуда.

      Ауыл шаруашылығы жануарларын бруцеллез ауруына серологиялық тексеруден 51002 бас МІҚ, 239498 бас қой-ешкі, 2975 бас түйе, 80 бас жылқыдан қан сынамалары алынып, тексерістен өткізілді. Нәтежесінде 189 бас МІҚ, 28 бас қой-ешкі малы бруцеллез ауруымен ауыратындығы анықталып, бұл ауру малдар санитарлық жолмен ет кешендерінде сойылып, жойылды.  Бруцеллезбен ауырған мал иелеріне 10 млн. теңге өтемақы төленді. Осы анықталған бруцеллез ошақтарына дизенфекция жұмыстары жасалды. Қой-ешкі, түйе малдарынан ауру анықталған жоқ. Азғыр, Сүйіндік, Асан ветучаскелеріне спутникті интернет жүйесі қондырылып, жұмыс жасап тұр.    


      Арайлым БАҒЫТЖАН

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____    _    _     ______   _    _      _____  
       / ____|| | || | ||  /_   _// | || | ||   / ___// 
      / //---`' | || | ||    | ||   | || | ||   \___ \\ 
      \ \\___   | \\_/ ||   _| ||   | \\_/ ||   /    // 
       \_____||  \____//   /__//     \____//   /____//  
        `----`    `---`    `--`       `---`   `-----`   
                                                        
      
       
      Наверх