17 тамыз 2017, 5:47
      Қоғам 26.10.2016, 17:36 0 пікір 705 просмотров

      Жұмыссыздықпен күрес жанданып келеді

       Құрманғазы ауданы бойынша ағымдағы жылдың 9 айында уәкілетті органға жұмыссыз ретінде 1167 адам есепке тіркелген. Жұмыссыздар саны 1167 болып,  жұмыссыздық  деңгейі 3,8 пайызды құрады.


      Мұның себебін, Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Жандос БЕКТЕМІРОВ жазғы маусымдық жұмыстардың аяқталуы және оқу орындарынан жұмыс іздеп, жұмыссыз ретінде тіркеліп жатқан түлектерден және коммуналдық шаруасындағы от жағу  науқан жұмыстарына орналасуға жолдама алу үшін тіркелгендердің саны көбейіп отырғандығымен түсіндірді. Аудан әкімі орынбасарының айтуынша, осы жылдың 9 айында  793 жұмыссыз адам ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылған.

      -       2016 жылдың  9  айында 920  жаңа жұмыс  орны ашылды, оның 240-ы тұрақты,

      680-і уақытша, жалпы жыл ішінде 1205 жаңа жұмыс орындар ашылады деп көзделуде. 

                  Биылғы жылдың 9 айында 1928 адам жұмыссыздар есебіне тіркелуге жолығыс жасаған, оның 782 жұмысқа орналасты,былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 307 адамға өскен.

      Аудан бойынша 2016 жылы мемлекеттік емес оқу орындарына 48 жұмыссызды кәсіби мамандықтарға оқыту  жоспарланған. 9 айдың есебі бойынша  мемлекеттік емес оқу орындарына  35 адам оқуға жіберілді,  оларға жергілікті бюджет есебінен 814,3 мың теңге жұмсалды. Былтырғы жылы  осы кезенде кәсіби оқудан  49 адам  өткен, оның  16-сы мекемелер арқылы. Биылғы жылы  мекемелер арқылы 4 адам электрик мамандығы бойынша оқудан өтті.

      2016 жылдың 1 қазандағы  жұмыс іздеп 50 жастан асқан жұмыссыз жүрген адамдардың 141 ресми түрде жолығыс жасап, жұмыссыздар есебіне тіркелді.  Ағымдағы жылы бұл санаттағы жұмыссыздардың 37 жұмысқа орналастырылды,  134 ақылы қоғамдық жұмысқа жолданды,  «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының 3 бағыты бойынша  7 кәсіби оқуының қайта даярлау курсына жіберілді.

      Ауданға үстіміздегі жылдың  9 айында бас бостандығынан айыру орындарынан босаған  3 адамның біреуі қоғамдық жұмысқа тартылды. Келген адамдарға бөлім  және  қоғамдық  ұйымдармен бірлесіп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

      2016 жылдың 9 айында 17 адам пробация қызмет есебінде тұр, оның 5-і қоғамдық жұмысқа жіберілді, 2-і денсаулығына байланысты жұмысқа жарамсыз, оның 1-і қаржылай бір жолғы көмек алды, 2-і «Жұмыспен қамту – 2020 жол  картасы» бағдарламасымен күрделі жөндеуге қатысуда, 3-і өз шаруасымен айналысуда, 1-і  оқуын жалғастыруда, 3-і әлеуметтік көмектен бас тартты, - дейді Бектеміров мырза.

                 Аудан әкімі орынбасарының айтуынша, ауданда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны жылдан жылға азайып келеді. 2015 жылдың 9 айында аудан бойынша аз қамтылған отбасылардың саны 156, алушы адам саны 851 болған болса, 2016 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша отбасы саны 101, алушы адам саны 528 болып, отбасы саны 55-ке, алушы адам саны 323-ке азайды.

      18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы бойынша 2015 жылдың 9 айында 1414 отбасындағы 4066 балаға 61,3 млн. теңгенің мемлекеттік жәрдемақысы тағайындалса, 2016 жылдың 9 айында 11336 отбасындағы 3850 балаға 60,6 млн. теңгенің жәрдемақысы тағайындалды. Алдыңғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда отбасы саны 55-ге, бала саны 216-ға  кеміп отыр.

      Құрманғазы ауданы бойынша мүгедек жандардың саны 2244. Оның ішінде І топ - 138, ІІ топ - 1012, ІІІ топ - 859, 16 жасқа дейінгі мүгедек бала саны - 235. Медициналық оңалту бағытында облыстық  сауықтыру орталығына  45  адам  жолданып, емделу шараларын алды. 131 мүгедек гигиеналық құралмен қамтылды.

      Аудан бойынша  65 мүгедек жұмыссыздар есебінде тіркелген, оның  33  биылғы жылы  тіркелгендер. Есепті мерзімінде   тіркелген мүгедектердің  6-ы тұрақты жұмысқа, оның 2-і квота бойынша,  30-ы ақылы қоғамдық жұмысқа жолданды.

      Аудан бойынша 17 ауылдық округте 23 әлеуметтік қызметкер 74 жалғыз басты қариялар мен мүгедектерге  және 14 әлеуметтік қызметкер  56 мүмкіндігі шектеулі  балаларға үйден қызмет көрсетіп отыр.

      2016 жылдың  9 айында әртүрлі санаттағы азаматтарға қолдау көрсету мақсатында 774 адамға 1945,3 мың теңгенің көмегі көрсетілді. Демеушілер арқылы 756 адамға 1918,3 мың теңгенің қайырымдылық көмегі көрсетілді.

      Атаулы күндер мен мереке күндеріне байланысты 742 алушыға 5785,0 мың теңгенің біржолғы әлеуметтік  көмегі төленді. Жыл басынан бері 30 мүмкіндігі шектеулі адам жұмысқа орналасты, оның ішінде 2 мүгедек квотамен жұмысқа жіберілді, 6 мүгедек тұрақты жұмысқа орналасты. Бағдарлама негізінде 2 мүгедекке несие берілді,    2 мүгедек  әлеуметтік жұмысқа және 1 мүгедек жастар практикасы бойынша жұмысқа жіберілді.

      Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары өз кезегінде «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының жүзеге асу туралы кеңірек тоқталып өтті.

      -       Аудан бойынша «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының

      инфрақұрылымды дамыту арқылы жұмыс орындарын құруға осы жылға ауданда 11 нысанға  күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, күні бүгін 10 нысанда жұмыс аяқталды. Оларда  жалпы 177 жұмыс орындары ашылып, соның 96 орны Жұмыспен қамту орталығының жолдамасы арқылы сол жердегі жұмыссыздар есебінен қамтылды. Жоспарланған 92 жұмыссызды орналастыру жоспары толық орындалды. 

      Қыркүйек айында қосымша  10 нысанға ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін 78681,0 мың теңге қаржы бөлінді. Оларда 34 жұмыс орындары ашылып, оның 18 адамы жергілікті жұмыссыздар қатарынан қамтылу жоспарланып отыр.

      Аталған бағдарламаның ІІ-бағыты бойынша 2016 жылы аудан бойынша 33 адамға 90,0 млн. теңге шағын несие беру жоспарланып, 9 айда 41 адам 109,35 млн. теңге несие алды. Олардың ішінде 2016 жылға бөлінген жоспарлы қаржы есебінен несие алғандар саны 32 адам 85,85 млн. теңге. 9 адам 23,5 млн. теңге қайтарылған қаржы есебінен несие алғандар. Осы 41 адамның 31-і ірі қара малын өсіруге 86,05 млн. теңге, 10-ы баcқа қызмет түрлерін ашуға 23,3 млн. теңге несие алып отыр. Атап айтар болсақ, біреуі мал азығын дайындайтын арнайы техника алуға, енді бірі пластик терезелер жасайтын цех ашуға,  тағы бірі кондитерлік цех ашуға, сондай-ақ автокөлік жөндеу орталығын ашуға, жылыжай жасақтауға, қоғамдық тамақтандыру орталығын ашуға, ағаш шеберханасын ашуға, дөңгелек жөндеу цехы, компьютерлік  орталық ашуға қаржылай қолдау тапты. Оның 34-і салық органдарына тіркелген, қалған 7-уін салық органдарына тіркеу бағытында жұмыстар жасалуда. Осы несие алған адамдарда 22 жұмыс орны ашылды.

      Берекесі мол бағдарламаның ІІІ-бағыты негізінде 2016 жылға кәсіптік қайта даярлау мақсатында 15 адамға 3453.0 мың теңге қаржы бөлінді, бұл бағытта 7 жұмыссыз аудандық агроколледжде 3 айлық аспаз дайындайтын курста оқып жатыр.15 әлеуметтік жұмыс орындарына 2656,0 мың теңге қаржы бөлінді, ақпан айынан бастап жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша халықтың арнайы тобына жататын 19 жұмыссыз осы орындарға жолданып жұмыс жасап жатыр, - дейді аудан әкімі орынбасары.Ауданда Жастар тәжірибесіне де ерекше көңіл бөлінуде. Мәселен 2016 жылы Жастар тәжірибесіне республикалық бюджеттен 35 адамға  8017,0 мың теңге қаржы бөлінді. Екінші жарты жылдықта облыстық бюджеттен 50 адамға 9544,0 мың теңге қосымша  қаржы бөлінді. Ақпан айынан бастап жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша жоғары және орта  кәсіптік оқу орындарын бітіріп бос жүрген 94 жұмыссыздар жастар осы орындарға жіберіліп жұмыс жасауда. Күні бүгін осы жас мамандардың ішінен 29 жас тұрақты жұмысқа орналасты.


       

      Арайлым НҰҒЫМАНОВА


      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       __   __   __   __    ______    ______    _  _   
       \ \\/ //  \ \\/ //  /_   _//  /_   _//  | \| || 
        \   //    \ ` //     | ||     -| ||-   |  ' || 
        / . \\     | ||     _| ||     _| ||_   | .  || 
       /_//\_\\    |_||    /__//     /_____//  |_|\_|| 
       `-`  --`    `-`'    `--`      `-----`   `-` -`  
                                                       
      
       
      Наверх