28 шілде 2017, 2:49
      Аймақ 19.10.2016, 15:04 0 пікір 393 просмотров

      Жұмыссыздар мұңаймайды

      Қызылқоға ауданында мемлекеттік атаулы көмек алушылар саны жылдан- жылға азаюда. Мұның себебі- олардың арасындағы жұмыссыздарды тұрақты жұмысқа, әлеуметтік жұмыс орындарына, сол сияқты ұзақ мерзімді қоғамдық жұмыстарға тарту нәтижесінде болып отыр дейді, Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал- актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Болат САЛЫҚОВ.  


       

      800-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

      Болат Салықовтың айтуынша, ағымдағы жылы жұмыспен қамту картасы  бойынша ауданда 1200 жұмыссызды жұмысқа тіркеу жоспарланса, тоғыз айда 969 адам тіркеліп, жұмыссыздыққа тіркелу үлесі – 80,75 пайызды құраған. (Былтырғы жылы осы кезеңде тіркелген жұмыссыздар саны – 925 адам болып, тіркелу үлесі – 77,1 пайызды құраған болатын). Одан басқа, ағымдағы жылы 750 орынға жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланғандықтан, осынша жұмыссызды жұмысқа орналастырукөзделуде.

          Тағы бір белгілі болғаны, тоғыз айда 398 адам  ашылған жаңа жұмыс орындарына жұмысқа орналасып, жұмыспен қамту көрсеткіші 52,6 пайызға орындалған. (2015 жылдың есепті кезеңінде 423 жұмыссыз тұрақты жұмысқа орналасып, жұмысқа орналасу – 52,88     пайыз болса, жаңа жұмыс орындарын ашу көрсеткіші 143 болған). Одан бөлек, «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасының III бағыты жастар тәжірибесі бойынша, 39 жас маман аудандағы әр түрлі мекемелерге жұмысқа орналасыпты.

       

      ХАЛЫҚТЫҢ КҮНКӨРІСІ ЖАҚСАРДЫ

            Ауданда жыл сайын қоғамдық жұмыстарға тартылатын жұмыссыздар қатары да өсіп келеді. Ағымдағы жылдың 9 айында 647 жұмыссыз қоғамдық жұмысқа қатысып, оларға жергілікті бюджеттен 61127,0 мың теңге қаржы төленіп келген. Өткен жылдың осы мезгілінде қоғамдық жұмысқа жіберілген жұмыссыздар саны 715 болатын.                

      -          Аудан бойынша кедейшілікте күнкөру деңгейін төмендету мақсатында әр ай сайын халықтың тұрмыс жағдайына, табысына мониторинг жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік жағынан дәрменсіз отбасылардың тізімі жасақталып, олардың кедейлік себептеріне талдау жұмыстары жүргізіліп тұрады. Осы орайда ондай отбасы мүшелерін кедейліктен шығару, яғни жағдайын жақсарту мақсатында іс- шара жоспары жасақталып отырады.

      Атаулы көмек алушылар арасындағы жұмыссыздарды тұрақты жұмысқа, әлеуметтік жұмыс орындарына, болмаса ұзақ мерзімді қоғамдық жұмыстарға тарту нәтижесінде мемлекеттік атаулы көмек алушылар саны да жылдан- жылға азайып келеді. Мысалы, ағымдағы жылдың 9 айында 1 отбасындағы 10 адамға 123,5 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалса, өткен жылдың 9 айында 4 отбасындағы 25 адамға 362,5 мың теңге төленіп, яғни 3 отбасы 15 адамға 238,9 мың теңгеге азайып отыр,- дейді Болат Салықов.

           Бөлім басшысының бізге берген мәліметіне сүйенер болсақ, Қызылқоға ауданында күні бүгін 1046 мүгедек адам есепте тұр. Бұл көрсеткіш аудан халқының 3,2 пайызын құрайды екен. Жылдағыдай мүмкіндігі шектеулі адамдар мен Ұлы Отан соғысы және басқа да шайқасқа қатысушыларға ай сайын көмектер берілуде. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 9 айында аудандағы 2 ҰОС ардагеріне коммуналдық қызметтер үшін айына 15 мың теңгеден 270,0 мың теңге жергілікті бюджеттен бөлінген болса, Ауғанстан жерінде болған 15 жауынгерге айына дәл осыншама көлемде қаражат төленіп, 9 айда ол 2025,0 мың теңгені құраған. Бұдан бөлек, мүгедектерді емдеу- сауықтыру мақсатында облыстық сауықтыру орталығына емделу үшін аудандағы 38 мүгедекке және 25 мүгедекке шипажайларға жолдамалар бөлінген.

      -          Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған аудандағы 6 адамға - 396,0 мың теңге төленді. Тыл еңбеккерлеріне 30,0 мың теңге біржолғы қаржы төленді. Ұлы Отан соғысының 2 ардагері «9 мамыр- Жеңіс күніне» орай, әрқайсысы 100 мың теңгеге ие болды. Атаулы күндер мен мереке күндері қарсаңында біржолғы көмекке 15 Ауған соғысына қатысушыларға 5,0 мың теңгеден 75,0 мың теңге төленді. Чернобыль атом электр станциясындағы залалсыздандыру жұмыстарына қатынасушы 5 адам да атаулы көмектен қалыс қалған жоқ. оларға жергілікті бюджеттен 5,0 мың теңгеден 25,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 95,0 мың теңгеден 475,0 мың теңге төленді,- дейді Б. Салықов.

       

      МҮГЕДЕКТЕРДІ ҚОЛДАУ- ПАРЫЗ

           Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс», - деген болатын. Бұл тапсырманы Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту бөлімі өз деңгейінде орындап отыр деуге болады. Оған дәлел- ауданда мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасы бойынша, 52 мүгедекке                     міндетті гигиеналық бұйымдар мен 27 мүгедекке протездік құралдар сатып алынып, берілген. Көзі нашар көретін 5 мүгедекке тифлоқұралдар тағы берілсе, 13 арба оған мұқтаж жандар үшін таратылған.

         Қамкөңіл жандарды қолдау мақсатында Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал- актілерін тіркеу бөлімі сауабы мол, игілікті шараларды да қолға алуда. Соның бірі – аудандық орталық ауруханада ашылған мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған күндізгі бөлімше. Бұл бөлімшеге арналып аудандық аурухана ішінен арнайы екі бөлме бөлінген. Оның бір бөлмесі ойын залы болса, екіншісі- психолог кабинеті. Екі бөлмеде де заманға сай жабдықталған құрылғылар мен түрлі ойыншықтар қойылған.

         Бөлімшеде сол секілді балалардың алаңсыз ойнап, тірек- қимыл жүйесін қалпына келтіру үшін бөлім жанынан тартылу темірі, жүгіру жолы секілді құрылғылар сатылып алыныпты.

      -          Негізі, көмекке мұқтаж мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау әлі де жалғасын табатындығын, яғни алдағы уақытта осындай бөлімшелерді ауданның барлық округтерінен ашу жоспарланып отырғанын орталықтың ашылу рәсіміне қатысқан аудан әкімі Мақсот Сайполұлы өз сөзінде айтып кеткен болатын. Қазіргі уақытта Миялы ауылдық округінде 9 мүмкіндігі шектеулі балалар бар. Енді осы балалар күніне бір мезгіл болса да аталған орталыққа келіп, түрлі ойындар ойнап, жаттығулар жасайды. Ол үшін арнайы екі әлеуметтік қызметкер, бір психолог, бір медбике жұмысқа алынды,- дейді Болат Салықов.

      Оның сөзінше, қазіргі уақытта мұндай бөлімше тек Сағыз бен Миялы ауылында ғана жұмыс жасап тұр.

          Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Болат Салықов бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін жиі өткізіп тұратындығын да айтады. Мысалы, аталған бөлімшенің ғимаратында жуырда өткен осындай жәрмеңкеге аудан бойынша 12 жұмыс беруші мекеме 18 бос жұмыс орнына сұраныс беріп, нәтижесінде үш адамға несие алу жолдары түсіндірілген. 16 жұмыссыз тұрақты жұмысқа орналасуға жолдама алған. Тағы 10 адам қосымша кеңестер алып, алдағы уақытта жұмыспен қамтылудың кезектілік тәртібіне қойылыпты.

          Бір ғана сөзбен айтар болсақ, жоғарыда басшының келтірген мысалдарынан біз Қызылқоға ауданында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін тиісті қолдаулар көрсетіліп, жұмыс таба алмай сенделгендерге жұмыс тауып беру мақсатында бірқатар шаралар атқарылып жатқанына тағы бір көзіміз жетті. Ендеше, алдағы уақытта да бөлім басшысының уәде бергеніндей, жергілікті тұрғындардың жағдайын жақсарту мақсатында ауқымды жұмыстардың атқарыларына сеніміміз мол...


      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ,

      фото автордыкі

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______     ___      _____      ___     _____    
       /_   _//   / _ \\   /  ___||   / _ \\  |  __ \\  
         | ||    | / \ || | // __    / //\ \\ | |  \ || 
        _| ||    | \_/ || | \\_\ || |  ___  ||| |__/ || 
       /__//      \___//   \____//  |_||  |_|||_____//  
       `--`       `---`     `---`   `-`   `-`  -----`   
                                                        
      
       
      Наверх