21 шілде 2017, 20:35
      Аймақ 19.10.2016, 14:42 0 пікір 339 просмотров

      «ҚазАгро» қаржыландыруды күшейтпек...

         Биыл «ҚазАгро» холдингіне мемлкеттік бюджеттен 51,7 млрд теңге бөлінді. Ол өнімді жұмыспен қамтуды жоғарылату және тұрғындардың табыстарын арттыру, сондай-ақ ауылшаруашылық өнімдерінің экспортын ұлғайту бойынша жобаларды қолдауға жұмсалмақ.


      «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары  Айгүл Мұхамадиева журналистермен өткен брифингте қазірдің өзінде сүт қабылдау пункттерінің желісін құруға және отбасылық сүт фермаларын қолдауға, отбасылық бордақылау алаңдарын құруға және оның базасында ауылшаруашылық кооперативтерін ұйымдастыруға, ауылшаруашылық кооперативтерін құруға және жеміс-көкөніс өсіру бойынша жеке қосалқы шаруашылық құруға арналған жобаларды қаржыландыру бойынша жұмыстар жасалып жатқанын айтты.

      - «ҚазАгро» холдингі «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» шеңберінде шағын несиелеуге алынған қаражат есебінен және меншікті қаражат есебінен жобаларды қаржыландыру бойынша жұмысты бастап кетті. Қазір республикалық бюджеттің қаражатын пайдаланып,  холдинг қаржыландыруға 10,5 млрд теңге қаражатты қосымша бағыттауды жоспарлайды, - деді А. Мұхамадиева. Оның айтуынша, жобаларды қаржыландыру жылдық 6 пайыздан аспайтын жеңілдікті мөлшерлеме бойынша жүзеге асырылады және 9 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. Ет, сүт, жеміс пен көкөністің өндірісі бойынша кемінде 192 мың жеке қосалқы шаруашылықты бейресми айналымнан шығаруға мүмкіндік береді, сүт зауыттары мен ет комбинатының өндірістік қуаттарын арттырады, салық төлемінің түсімін ұлғайтады.  Ал, ауылшаруашылық өнімдерінің экспортын арттыруға көмек беру шеңберінде «ҚазАгро» холдингімен халықаралық талаптарға сай сиыр еті, шошқа еті, құс еті, сондай-ақ өсімдік майы, жеміс-көкөніс өнімдері мен оның өңделген өнімдерінің өндірісіне бағытталған экспортқа бағдарланған инвестициялық жобаларды қаржыландыру жоспарлануда. Қазіргі уақытта осы бағыт бойынша қарастыруда 43 жоба бар. «ҚазАгро» холдингі  өтінімдерді қабылдау жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, холдинг Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам реформасын жүзеге асыру аясында сүт және сүт өнімдері өндірісін дамыту үшін стратегиялық инвесторларды тарту және етті қайтадан өңдеу мен оның өндірісін дамыту үшін стратегиялық инвесторларды тарту бағытын іске асырмақ. Ол үшін жемшөп өндірісін дамытуды, сүт жинау орталығы мен сүтті қайта өңдеу кешендері бар сүт-тауарлы фермаларды құратын сүт кластерін қаржыландыруды жүзеге асыратын болады. Айта кету керек, ет пен сүтті қайта өңдейтін және өндіретін жобаларды қаржыландыру көзі Үкіметтің шешіміне сәйкес, Холдингке Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорынан бөлінетін қаржы есебінен болмақ. Яғни, ол қордан қаржы бөлу механизмі - Холдингтің облигацияларын  жылдық 14 пайыз мөлшерлеме бойынша 10 жылға,  жылдық 15 пайыз мөлшерлеме бойынша 15 жылға шығару және орналастыру арқылы жүзеге асырылады. А.Мұхамадиева айтып өткендей, соңғы қарыз алушылар үшін (АШТӨ) аталған қаржылардың құны жылдық 19 пайыз мөлшерлемеден төмен болмайды. Бұл қаражаттың орналастырылмауына және қайтарылмауына әкеп соқтырады. Сондықтан, несие ресурстарының құнын төмендету мақсатында, Холдинг тарапынан бюджеттен тыс қаржы көзінен тартылатын қымбат қаржыларды Республикалық бюджет қаражаты есебінен бөлінетін қаржылармен реттеудің механизмі пысықталып және бекітілген. Осылайша, соңғы қарыз алушы үшін белгіленген мөлшерлеме жылдық 11,5 пайыздан  аспайтын болады.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _     ______   _    _      ___      _  __  
      | || | ||  /_   _// | |  | ||   / _ \\   | |/ // 
      | || | ||   -| ||-  | |/\| ||  | / \ ||  | ' //  
      | \\_/ ||   _| ||_  |  /\  ||  | \_/ ||  | . \\  
       \____//   /_____// |_// \_||   \___//   |_|\_\\ 
        `---`    `-----`  `-`   `-`   `---`    `-` --` 
                                                       
      
       
      Наверх