29 апреля 2017, 23:38
      Авто 12.10.2016, 15:15 0 пікір 1315 просмотров

      Сертификаты жоқ 29 автокөлік кері қайтарылды

      Облыс аумағына сырттан тасымалданатын азық- түлік, көкөніс өнімдері талапқа сай келмейді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Абат Жанғалиев хабарлады. Журналистермен болған басқосуда сондай- ақ, облыстағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі туралы сөз болды.


           Инспекция басшысы алдымен өсімдіктерді қорғау мақсатында жасалып жатқан негізгі жұмыстарға тоқталды. Оның сөзінше, күні бүгін облыс аумағында ерекше қауіп туғызып отырған италияндық прус пен азиаттық шегіртке деп аталатын үйірлі шегірткелер . Оларды анықтап, жою жұмыстары кезең- кезеңімен атқарылып келеді. Мысалы, биыл 1- 28 маусым аралығында үйірлі шегірткелерге  қарсы облыс бойынша 24 600 гектар аймақта химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілген.

      -       Инспекция өсiмдiктердi зиянкестерден, арамшөптерден және өсiмдiк ауруларынан қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды. Бұл  егiн өнiмiн, оның сапасын сақтау мен ел аумағында фитосанитариялық iс- шараларды жүзеге асыру кезiнде адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсердi болғызбауға бағытталған,- дейді Атырау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Абат Жанғалиев.

           Жанғалиев мырзаның айтуынша, Атырау облысы мен Ресейдің Астрахан облысы арасындағы шекара жолағындағы аймақтар бойынша зиянкестің қоныстану тығыздығы экономикалық зияндылық шегінен төмен.

           Зиянкестермен күресуде барлық аудандар мен Атырау қаласы бойынша 12 рет штаб отырысы өткізілген. Қазіргі таңда жер телімі иелерімен және атқарушы органдармен тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқан көрінеді. Ал, науқандық жұмысқа 24 көлік пен 105 адам жұмылдырылған.

            Брифингте белгілі болғанындай, кедендік одақ аумағынан фитосанитариялық сертификатсыз өсімдіктер карантиніне жатқызылған өнімдерді  тасымалдаған 29  автокөлік кері қайтарылған. Өсімдіктер карантині саласы бойынша күні бүгінге дейін 16 нұсқама беріліп, 107 әкімшілік хаттама толтырылып, 5 281 290 теңге  айыппұл мемлекет пайдасына өндірілген.


      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ____       ___      _  _     _____     ______  
       |  _ \\    / _ \\   | \| ||  |  ___||  /_   _// 
       | |_| ||  | / \ ||  |  ' ||  | ||__      | ||   
       | .  //   | \_/ ||  | .  ||  | ||__     _| ||   
       |_|\_\\    \___//   |_|\_||  |_____||  /__//    
       `-` --`    `---`    `-` -`   `-----`   `--`     
                                                       
      
       
      Наверх