20 тамыз 2017, 0:30
      Қоғам 15.09.2016, 17:16 0 пікір 525 просмотров

      Сәбиін қайтаруды сұрап жүр...

      Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Грузия азаматшасына 1 жыл 5 ай бойы сәбилер үйінде тәрбиеленіп келген баласын қайтару жөнінде шешім қабылдады.


       

              Облыстың кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Орталық нерв жүйесі зақымдалған балалар үшін арнаулы Сәбилер үйі» мемлекеттік мекемесінің Ломидзе Этерді ата- аналық құқығынан айыру жөніндегі және аталған азаматшаны ата- аналық құқығын қалпына келтіріп, сәбилер үйінен қызын қайтарып алу жөніндегі  талап арызын- азаматтық істі қарап, аяқтаған. Сот процесін жүргізген Сот төрағасы Болатбек Жұмабаевтың айтуынша, істің мән- жайы төмендегідей болыпты:

             Грузия Республикасының азаматы Ломидзе Этер Қазақстан Республикасына 2012 жылы келіп, әр жерде пәтер жалдап тұрған. 2014 жылдың 1-ші қаңтарында аты аталған азаматша қызы Ломидзе Барбараны Ақтау қаласында дүниеге әкеледі. Бірақ, ол жаңа туған сәбиінің құжаттарын жасамай- ақ, Атырау қаласына келіп, бармен қызметіне жұмысқа орналасады. Ал, емшектегі нәрестесіне   бала күтушісін жалдап, сәбиін соған қалдырып отырады.

             Бір күндері Грузия Республикасының азаматы Ломидзе Этер жұмыстан кешігеді де, құжаты жоқ сәбиді бала күтушісі полиция қызметкерлеріне тапсырып кете барады. Полиция қызметкерлері болса, өз кезегінде баланы өткен жылдың 2-ші сәуірінде сәбилер үйіне өткізеді. Сол жылдың 8-ші қазанында- ақ, сот шешіміммен Э.Ломидзе ата- аналық құқығынан шектеледі.  Алайда, Э. Ломидзе сот өндірісі кезінде қызын тастайтын ойы болмағанын, яғни өзі Атырау қаласына келіп, жұмысқа орналасуына байланысты, қызына бала күтушісін жалдағанын, құжаты жоқ кызы бір жылдан астам уақыт бойы сәбилер үйінде тәрбиеленіп келетінін айтып береді. Сол сияқты баласын алғысы келіп, сәбилер үйіне үнемі барып тұрғанын, өзіне елден шығару жөніндегі сот қаулысы күшіне енуіне байланысты, сәбиін өзіне қайтарған жағдайда ғана еліне кететінін айтқан.

      -       Жалпы, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР 2002- ші жылдың 8-ші тамызындағы Заңның 21-бабына сәйкес, әрбір бала өз отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге, өзінің туыстары мен басқа да жақын туыстарын білуге, олардың тәрбиесі мен қамқорлығын алуға құқылы. Қазақстан Республикасымен 1994 жылдың 08 маусымында ратификацияланған «Бала құқықтары туралы конвенцияның» 3-бабын, яғни балаларға қатысты қолданылатын іс- әрекеттердің, оларды әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерімен айналысатын мемлекеттік немесе жеке мекемелердің, соттардың, әкімшілік немесе заң шығарушы органдардың қабылдағанына қарамастан, бәрінде де ең бірінші кезекте баланың мүдделерін барынша толық қамтамасыз етуге көңіл бөлінетінін басшылыққа алып,  іс бойынша мән- жайларды жан- жақты зерттей отырып, сот Э.Ломидзеге қатысты ата- аналық құқығынан шектеуді алып, қызы Барбараны  сәбилер үйінен анасына  қайтару жөнінде шешім қабылдады,- дейді Атырау облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы, сот мәжілісінің хатшысы Ақмарал Амандықова.

       Шешім заңды күшіне енбеген.


       

      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____     _____     _  __    ______  __    __  
       /  ___||  |  ___||  | |/ //  /_   _// \ \\ / // 
      | // __    | ||__    | ' //    -| ||-   \ \/ //  
      | \\_\ ||  | ||__    | . \\    _| ||_    \  //   
       \____//   |_____||  |_|\_\\  /_____//    \//    
        `---`    `-----`   `-` --`  `-----`      `     
                                                       
      
       
      Наверх