17 тамыз 2017, 12:08
      Аймақ 15.09.2016, 17:11 0 пікір 513 просмотров

      Мәдениет саласына бетбұрыс бар

      Атырау облысы бойынша 281 мемлекеттік мәдениет мекемесі халыққа қызмет көрсетуде. Ағымдағы жылы осы мекемелерді қаржыландыруға барлығы 1 млрд. 408 млн. 296 мың теңге қаражат бөлінген. Бұл туралы Атырау аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алтай СҮЛЕЙМЕНОВ мәлімдеді.


            Алтай Сүлейменовтің айтуынша, сондай- ақ, жоғарыда бөлінген қомақты қаражатқа үстіміздегі жылы облыста 1300 орындық 5 мәдениет үйінің құрылысы жүзеге асады. Одан басқа, биылғы жылы 1900 орындық 7 мәдениет үйінің құрылысы жоспарланған болса, бұл құрылыс жұмыстары мемлекеттік сатып алу (тендер) аясында жүзеге асырылмақшы.

           Облыс көлемінде мәдениет бағытында ұйымдастырылғалы жатқан шаралар легі де аз емес. Мәселен, қыркүйекте Халық батыры Исатай Тайманұлының 225 жылдығына орай «Елім менің» атты мүшәйрасы, облыстық ғылыми- практикалық конференциясы өткізілсе, қазан айында ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор, сазгер, күйші- домбырашы Қаршыға Ахмедьяровтың шығармашылығын насихаттауға бағытталған «Артына күмбірлеген күйі қалған» атты еске алу кеші, Жеке домбыра орындаушылардың аймақтық байқауы, «Күй аспанының Қаршығасы» атты көрмесі өтеді. Ал, Қазақстан және Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, музыка танушы, сазгер, профессор Ілия Жақановтың шығармашылығын насихаттауға бағытталған «Еділ мен Жайық» атты II- ші Халықаралық ән байқауы, Ілия Жақановтың шығармашылық кеші қарашада өтеді. Қазан айында Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Хамит Ерғалиевтің 100 жылдығына арналған «Поэзия тарланы» еске алу кеші, «Хамаң боп өткен халқына» атты көрме, әдеби шығармашылық кеші ұйымдастырылып, Х. Ерғалиев ауылдық бөлімшесінде музейфикация жұмыстары жүргізілмек көрінеді. Қараша айында сондай- ақ, жазушы- драматург Рахымжан Отарбаевтың халықаралық театр фестивалі көрерменге жол тартады екен.

      -          ҚР Үкіметімен бекітілген «Еңбекке, адал кәсіби табысқа, Отанға қызмет етуге, жоғары патриоттық ниеттерге оң көзқарастар қалыптастыратын отандық, әлеуметтік- мәдени өнімдерді жаңғыртудың 2012- 2016 жылдарға арналған жоспарына сәйкес, Атырауда Батыс Қазақстан облысының мәдениет күндері маусым айында өткен болатын. Енді жуық арада Атырау өңірі өнерпаздарының Ақтөбеге баруы жоспарланып отыр. Одан бөлек, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Қуатты өңір- қуатты Қазақстан» атты Атырау облысының Астана қаласындағы күндері 17-18 қыркүйекте ұйымдастырылады. Бұл сапарға облысымыздың 260- тан астам өнерпаздары аттанып, қатысады. Олардың ішінде кәсіби шығармашылық ұжымдармен қатар аудандардың өнер иелері де бар,- дейді облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алтай Сүлейменов.

           Бір сөзбен айтқанда, биылғы жылы бөлінген қаражатқа шығармашылық ұжымдарының репертуарларын жаңартуы, гастрольдік концерттер мен спектакльдер ұйымдастыру, археологиялық қазба секілді бірқатар жұмыстар қолға алынбақшы. Сонымен қатар, көрсетілген қолдаудың арқасында, облыстың жас дарындарының халықаралық конкурстарға және фестивальдерге қатысуына мүмкіндіктер беріліп, мәдениет саласындағы мамандардың білімдерін жетілдіру жұмысы жалғасын табады және белгілі өнер мамандары шеберлік кластар өткізуге шақырылады. Ал, мәдениет мекемелеріндегі материалдық- техникалық базалары жаңғыртылып, онда жастарды эстетикалық, патриоттық тәрбиелеу, жас дарындарды іздестіру, дәстүрлі ұлттық өнерді дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізілетін көрінеді.


      Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

      фото автордыкі

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _  __     ___                 ___    __    __  
       | |/ //   / _ \\    ____      / _ \\  \ \\ / // 
       | ' //   | / \ ||  |    \\   / //\ \\  \ \/ //  
       | . \\   | \_/ ||  | [] ||  |  ___  ||  \  //   
       |_|\_\\   \___//   |  __//  |_||  |_||   \//    
       `-` --`   `---`    |_|`-`   `-`   `-`     `     
                          `-`                          
      
       
      Наверх