17 тамыз 2017, 12:00
      Денсаулық 15.09.2016, 12:18 0 пікір 447 просмотров

      Жансақтау жағдайында маңызы зор

      «Эксон Мобил Қазақстан» компаниясының демеушілігімен жуырда облыстағы және аудандағы жеті орталық ауруханадағы кардиологиялық орталыққа жаңа медициналық қондырғы  тарту етілді. Канадада шығарылған «Аlere-eрос» атты бұл өнім науқастың қан құрамын тапсырып, талдауға арналған.


         Мамандардың сөзінше, аталмыш қондырғының құны  төрт  миллион теңгені құрайды. Үш бөлікке негізделген құрал – қанды 30 секундта талдап беретін мүмкіндікке ие. Әсіресе, ол газды, электролитті, метаболитті, жалпы параметрді  анықтайды. Сондай- ақ, жаңа инновациялық нұсқада жасалған қондырғы әлемнің көптеген елінде пайдаланылып келетін көрінеді.

          Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек ЖҰМЫРОВТЫҢ айтуынша, жалпы «Эксон Мобил» компаниясы облыстағы емдеу орындарына бұған дейін де бірнеше миллион теңге тұратын қондырғыларды табыстаған. Алайда, олар күрделі болғандықтан, әрі аудандағы мамандар оның тілін түсінбегендіктен, пайдаланылмай тұрып қалған. Күні бүгін аталған жабдықтар орталық ауруханаға кері қайтарылып алыныпты.

      -      Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен компания ынтымақтастығы нәтижесінде  аймақта соңғы кездері ана мен бала өлімі азайды. Өйткені, біз бағалы құрал- жабдықтарды сатып алып беріп қана қоймай, бес жылдан бері облыстық перзентханада неонотолог, акушер- гинеколог дәрігерлер арасында шетелдік ғалымдармен, білікті мамандармен  шеберлік сыныптарын да ұйымдастырып келдік. Қазірдің өзінде компания демеушілігімен 19 түлек дәрігер мамандығында білім алуда. Алдағы уақытта да өңірдің әлеуметтік саласын жақсартуға жұмыстанамыз,- дейді «Эксон Мобил Қазақстан» компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Гүлнәр НҰҒЫМАН.

           Айта кетейік, бүгінде Атырау облысындағы ауруханаларда ауруды жедел түрде анықтайтын емдеудің озық әдістері мен жаңа  жабдықтар кеңінен  қолданылып келеді. Ал, жансақтау жағдайында науқастың қан құрамын тез анықтау, талдау тәсілінің алар орны ерекше екендігін атап өткен жөн.


      Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _     ______    ____      _____             
      | \  / ||  /_   _//  |  _ \\   |  ___||   ____    
      |  \/  ||   -| ||-   | |_| ||  | ||__    |    \\  
      | .  . ||   _| ||_   | .  //   | ||__    | [] ||  
      |_|\/|_||  /_____//  |_|\_\\   |_____||  |  __//  
      `-`  `-`   `-----`   `-` --`   `-----`   |_|`-`   
                                               `-`      
      
       
      Наверх