25 маусым 2017, 18:14
      Қоғам 25.08.2016, 11:59 0 пікір 378 просмотров

      Жалған терроршы сотталды

      Ойланбай істеген іс опық жегізді. Қылмыстық іс материалдарында көрсетілгендей, Атырау облысы Жылыой ауданының тұрғыны Ж.Темірбаев Атырау қалалық жедел бөлімше басқармасына 102 нөмірі арқылы қоңырау шалып, Атырау қаласының темір жол вокзалына бомба қойылатыны туралы хабар берген.


      Аталған хабар бойынша облыстың барлық құқық қорғау бөлімдері жұмылдырылған. Алайда жедел – іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде хабардың жалған екені анықталды. Сот отырысы барысында сотталушы өз әрекетіне өкініп, қала прокурорымен кінәні мойындау түріндегі процестік келісім жасасты. Атырау қаласының №2 сотымен Ж.Темірбаев Қазақстан Республикасы ҚК-нің 273 - бабымен кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді. С.Темірбаевтан құқық қорғау органдарына келтірген материалдық шығын, яғни 322 406 теңге өндірілді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


       

      Гүлзада ҚОЖАБЕРГЕНҚЫЗЫ

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
         _____    ______     _____    ______   _____    
        / ___//  /_   _//   / ___//  /_   _// |  __ \\  
        \___ \\   -| ||-    \___ \\   -| ||-  | |  \ || 
        /    //   _| ||_    /    //   _| ||_  | |__/ || 
       /____//   /_____//  /____//   /_____// |_____//  
      `-----`    `-----`  `-----`    `-----`   -----`   
                                                        
      
       
      Наверх