17 тамыз 2017, 12:05
      Аймақ 17.08.2016, 15:43 0 пікір 566 просмотров

      Дау келісіммен аяқталды

      «Атырау қалалық сотында азаматтық істі қарау партисипативтік рәсім тәртібімен аяқталды» - деп хабарлайды Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.


      Ол бойынша алдын-ала тыңдау барысында талап қоюшы С.Ерниязовтың жауапкер «К» ЖШС-не, «Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы», «НОМАД LIFE  сақтандыру компаниясы» ММ-не кездейсоқ оқиға бойынша 2015 жыл 30 желтоқсандағы Н-1 №2 актіні даулау,  денсаулығына келтірілген зиян нәтижесінде табыс пайдасын, материалдық шығынды және моральдық компенсациясын өндіру туралы азаматтық ісі бойынша адвокаттардың қатысуымен  дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілген.  Дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім шарттары бойынша тараптар өзара түсінушілікке келіп, жауапкер талап қоюшыға моралдық компенсациясын және 500 000 теңге материалдық шығынды, оның ішінде 250000 теңгені 2016 жылдың 31 тамызына дейін, қалған 250000 теңгені 2016 жылдың 30 қыркүйегіне дейін төлеуге, ал талап қоюшы өзінің талаптарынан  толықтай бас тартуға  міндеттенеді. Сондықтан сот отырысына қатысушы тараптарға дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімнің құқықтық салдары түсіндірілді. Сот, тараптардың арасында жасақталған партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім заңға және басқа тұлғалардың мүддесіне қайшы келмейтінін, тараптардың мүддесіне жасақталғанын ескеріп, азаматтық іс бойынша келісімді  бекітті. Дау партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқталуына байланысты азаматтық іс өндірістен қысқартылды. Бүгінде ұйғарым заңды күшіне енген жоқ. 


      Гүлзада ҚОЖАБЕРГЕНҚЫЗЫ

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       ______      ___     _    _     _____    _    _   
      |      \\   / _ \\  | \  / ||  |  ___|| | |  | || 
      |  --  //  / //\ \\ |  \/  ||  | ||__   | |/\| || 
      |  --  \\ |  ___  ||| .  . ||  | ||__   |  /\  || 
      |______// |_||  |_|||_|\/|_||  |_____|| |_// \_|| 
      `------`  `-`   `-` `-`  `-`   `-----`  `-`   `-` 
                                                        
      
       
      Наверх