25 сентября 2017, 15:43
      Экономика 10.08.2016, 16:45 0 пікір 875 просмотров

      М.Такиев: «Алты айда 381, 0 млрд. теңге қаржы түсті»

      Осы жылдың 14 - тамызында ҚР Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк кiрiстер комитетінiң құрылғанына екі жыл толады. Екі жыл бұрын қайта ұйымдастырылған мемлекеттiк органның алдында қысқа және ұзақ мерзiмдi мiндеттермен қатар, ең бастысы - салықтарды оңай және қолайлы төлейтін табысты бизнес-ортаны қалыптастыру міндеті тұрды. Содан бері мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгінiң маңызды құрамдастары – салық, кеден қызметi, сондай-ақ, экономикалық тергеулер қызметі бiрiктірілген құрылым ел экономикасының қарқынды дамуына сүбелі үлес қосып келеді.


      Аз уақытта сала қызметінде ауқымды жұмыс жасалғанын айтып кету артық болмас. Осы ретте бізге мемлекеттік органның бүгінгі тыныс – тіршілігі туралы Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Мади ТАКИЕВПЕН аз-кем сұхбаттасудың сәті түскен еді.

      - Мәди Төкешұлы, жаңа ведомствоны құрудағы тиімділік неде еді? Екі жыл ішінде қандай шаралар жүзеге асты? Алға қойған міндеттердің іске асуында Атырау облысының қосқан үлесі қандай?

      - Жалпы, біздің алдымызға қойылып отырған мiндет «Қазақстан-2050» Стратегиясының iргелi тармағынан туындайды. Ол Қазақстанның әлемнiң дамыған 30 елiнің қатарына кiруiн қамтамасыз ету. Сондықтан да «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының шеңберiнде бірқатар заңнамалық бастамалардың сегiзі кеден және салықтық әкiмшiлендіруді жақсартуға бағытталғаны бекер емес. Ал, жаңа ведомствоны құрудың негізгі тиімділігі жөнінде айтар болсам, ол ішкі тиімділіктің тұрақты мониторингіне, жаңғыртуға, әкімшілік кедергілердің санын, бюрократиялық ауыртпалықтарды азайтуға және рәсімдерді жеңілдетуге байланысты кәсiпкерлiк қызмет үшiн жағдайды түбегейлi жақсартудан тұрады. Бірінші кезекте салық және кедендік әкімшілендіру жөніндегі заңнамаға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізудің арқасында салықтық тексерулердi қысқарту және мемлекеттік қызметтер көрсетудi жетiлдiру бойынша шаралар қабылданған болатын. Нәтижесінде экспорттық-импорттық операциялар кезінде кеден органдары талап ететін қажетті құжаттар тізімі қысқартылды. Тауарлар экспортында бұл көліктік ілеспе жүкқұжаты, коммерциялық инвойс және экспортқа арналған кедендік декларация, ал үшiншi елдерден импорттау кезінде ол тек сәйкестiк сертификаты және транзитке арналған құжат. Комитеттің сайтында бұрын ақылы және декларанттардың коммерциялық ұйымдардан сатып алатын СЭҚ ТН кодын анықтау үшін онлайн қызметі жүзеге асырылды. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін бақылау деңгейін төмендету шеңберінде «300 ірі салық төлеушілер үшін жасыл дәліз» жобасы жүзеге асырылды. Ол бойынша кеден бақылауының жекелеген нысандарын қолданбастан барлық импорттың жартысы дерлігі өтеді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге тауарларды тазарту кезеңде емес, кеденнен өткеннен кейінгі кезеңде адал импорттаушылардың кеден бақылауынан өтуі көзделген «Сенім» атты жоба іске асырылуда. Бұл жаңалықтар жүйелі түрде, бизнес-үдерістерді тұрақты зерттеу және пішіндеу негізінде енгізіліп отыр. Салық төлеуден жалтаруға және экономикалық қылмыстардың басқа да түрлерiне қарсы әрекет тәуекелдердi басқару жүйесiнiң ақпараттық ресурстарын жаңғырту негiзiнде енгiзу есебiнен жасалады. Жалпы,  экономикалық дағдарысқа және оның салдарынан импорт көлемінің төмендеуіне қарамастан, кеден және салықтардың түсу жоспары орындалып келеді. Үстіміздегі жылдың 6 айында мемлекеттік бюджетке 381, 0 млрд. теңге қаржы түсті, демек жоспар 132 пайызға орындалып, өткен жылдан түсім өсімі 231 пайыз құрап отыр. Соның ішінде жергілікті бюджетке 96 ,4 млрд. теңге қаржы түсті, жоспардың орындалуы 141 пайыз, ал түсім өсімі 129 пайыз болып отыр.  Кеден саласындағы тәуекелдердiң жаңа басқару жүйесінің жұмысы тауарларға декларациялар үлесінің үштен бірге қысқартты, ТБЖ ұсынымдары бойынша жүргізілген кедендік тексерулер саны екі есеге жуық кеміді. Жаңа форматта жұмыс жасаудың тағы бір нәтижесі салық берешегінің жоғы немесе бары туралы анықтаманы салық төлеушілерге міндетті түрде табыс етуді мемлекеттік органдардың талап етуін алып тастау болды.  МКД бойынша Мемлекеттік қызмет тізілімінде автоматтандыру деңгейі орташа алғанда  65 пайыз құрайды, бұл орайда электронды салық жүйесі бойынша – 80 пайыз, кеден бойынша 42 пайыз қызметтерді құрайды. Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап уәкілетті экономикалық операторлар, осы жылдың 1 шілдесінен бастап кеден өкілдері, кедендік тасымалдаушылар, уақытша сақтау қоймаларының иелері, ал 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық қосылған құн  салығын төлеушілер электронды шот-фактураларын жазуға тиіс. Бiр құрылымда мемлекеттiң экономикалық мүдделерiн қорғау бойынша үш функцияны бiрiктiрудiң арқасында Мемлекеттік кірістер департаментінің жедел бөлiмшелерiнің жұмысы айтарлықтай артты. Оған салық және кеден қызметтерiнің деректер қорын бiрiктiру, жалған кәсiпкерлiк фактiлерiн анықтау және алдын алу жөніндегі салық төлеуден жалтару мен заңсыз әрекеттерге қарсы басқа да түрлерін рәсiмдеудi автоматтандыру және бiрiздендiру есебiнен қол жеткiзілді. Осының есебiнен бизнес өкiлдерi мен жедел қызметкерлердің өзара iс-әрекеті едәуiр оңтайландырылды. Осылайша, кәсiпкерлердiң ісіне араласпау ұстанымы жүзеге асырылды – егер бизнес заңның талаптарына сәйкес жұмыс iстесе, оны ешкiм де тексермейдi.

      - Жедел жұмыстың жаңа қағидаттары мемлекеттiк органдарға қылмыстардың экономикалық қаупін дер кезінде табуға, қолма-қол ақшамен заңсыз операцияларды жүргiзуге, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсiмiн арттыруға, сондай-ақ, тұтынушылардың құқығын қорғауға мүмкіндік туғызады. Бізде осы мүмкіндіктер қалай жүзеге асып жатыр?

      - Айталық, экономикалық тергеулер қызметi осы жылдың 6 айында 263 қылмыстық істер жүргізді. Олардың 159-ы аяқталып, 60 іс сот органдарына жолданды. Олардың ішінде жалған ақша жасаушылықтың 3 фактiсін тiркеді, 22 жасырын ойын бизнесі, 1 электронды казиноның жолын кесті. Жалпы 6 айда аяқталған істер бойынша 674,7 млн.теңгенің келтірілген шығындары өндірілді. Алкогольді өнiм тұтынуды азайту және көлеңкелі айналымын қысқарту бойынша айтарлықтай шаралар қабылданды. Есепті мерзім ішінде 260646 шөлмек алкоголь өнімдері есептеу- бақылау маркалары күмәнды болғандықтан саудадан алынды. Заңсыз алкогольді өнiмiн анықтау үшiн Wipon арнаулы жылжымалы қосымшасы енгізілді. Бәрімізге белгілі, 2015 жылдың 1 шiлдесiнен бастап бензин, дизель отыны және алкогольді өнімдерді көтерме және бөлшек саудада мемлекеттік кірістер органдарының ақпарат базасына ақпаратты онлайн жіберілетін бақылау-касса машиналарын қолдану міндеті енгiзілді. Айта кету керек, қандай межеленген жұмыс болмасын, оның барлығы көлеңкелі айналым және акциздік өнімдердің контрафактісін одан әрі азайтуға және экономикалық мүдделердi қорғауға ғана емес, сондай-ақ, бiздің азаматтарымыздың денсаулықтары мен өмірлерін сақтауға да бағытталған. Үш функция мүдделестігін  және «жұмысты жаңадан» қағидатын енгізудің жарқын бір мысалы, үстіміздегі жылдың 6 айында Мемлекеттік кірістер департаменті жүргізген  камеральдық бақылаудың нәтижесінде қосымша есептелінген салықтар сомасы 4558,9 млн.тенге құрады, олардың 3323,3 млн. тенгесі өндіріліп алынды. Осы мерзім ішінде Атырау облысы бойынша «жалған» кәсіпорындарменен өзара есеп айырысқан 171 контрагенттер анықталып, олардың осылай есеп айналысқан айналымдары 6375,2 млн. тенгені құраған, ал қосылған құн салығының мөлшері 765,0 млн. теңге болды. Аталған мекемелерге қолданылған шаралардың нәтижесінде 227,7 млн. теңге салықтар өндіріліп алынды. Осы ретте айта кететін жайт – бүгінде қабылданып жатқан шаралар адал бизнес өкілдері үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Бірақ, салық төлемейтіндер шынайы бәсекелестік қағидасын бұзуда. Бұрмалаусыз жұмыс жасайтын, өзгерістердің қажет екенін мойындаған бизнеске мемлекеттік кірістер органдары «кім бұзушылық жасамайды, сол тексерілмейді» қағидасын берік ұстанатынын жеткізеді. Себебі, адал кәсіпкерлердің санының артуы мамандардың назарын заң бұрмалаушылықтарға шоғырландыруға мүмкіндік береді. Қорыта айтқанда, фискальдық органдардың басты міндеті – жұмыста заң үстемдігі қағидаларын қамтамасыз ету, экономиканың және жеке бастамалардың дамуы үшiн қолайлы жағдай құру, өткір де мөлдір бәсекелестік шарттарына бизнесті ынталандыру. Сондықтан да қазіргі таңда мемлекеттік кірістер органдары тапсырылған міндеттерге сәйкес, Қазақстанның әлем елдерінің 30 бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылу міндетін шешу үшін барлық күш-жігерін жұмсауда.

      - Сұхбатыңызға рахмет!


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

       

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
         _____    _____    ______    _    _             
        / ___//  |  ___|| |      \\ | || | ||     ___   
        \___ \\  | ||__   |  --  // | || | ||    /   || 
        /    //  | ||__   |  --  \\ | \\_/ ||   | [] || 
       /____//   |_____|| |______//  \____//     \__ || 
      `-----`    `-----`  `------`    `---`       -|_|| 
                                                   `-`  
      
       
      Наверх