17 тамыз 2017, 12:02
      Экономика 21.07.2016, 12:13 0 пікір 678 просмотров

      Атырауда инновациялық жобалар байқауы өтті

      Жуырда «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры Атырау қаласында Startup Kazakhstan Tour роуд-шоуының кезекті турын өткізді.


      Almaty Tech Garden брендімен жұмыс жасайтын «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры Атырау қаласындағы Startup Kazakhstan Tour роуд-шоу кезеңінің барысында инновациялық жобалар байқауын өткізді. Аталмыш іс-шара Атырау облысы әкімдігі, «Атырау Innovations» және АҚ "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" қолдауымен ұйымдастырылды.

      «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Startup Kazakhstan Tour әрекетінің бастапқы мақсаты – Қазақстан мен ТМД елдерінде «Startup Kazakhstan» халықаралық жобасына қатысатын жобалардың алғашқы іріктеуін өткізу. «Startup Kazakhstan» бағдарламасы «5 институционалдық реформаларды жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 63-қадамын орындау аясында «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорымен іске асырылуда. Сонымен қатар, бағдарлама ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің инновациялық саясатының,  ҚР Индустриалды-инновациялық дамуы Мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығының және «Сандық Қазақстан» бағдарламасының құрамдасы болып табылады.

      "Startup Kazakhstan" бағдарламасын іске асыру жаңа ғылыми-техникалық әзірлемелерді және инновациялық технологияларды пайдалану негізінде өнімнің жаңа бәсекеге қабілетті түрлерін өндіруді қамтамасыз етеді, жаңа жұмыс орындарын құрып, Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттырады. Соның ішінде, «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры жер қойнауын пайдаланушылар мен стартаптар/инновациялық компаниялар арасында орнатылатын ынтымақтастықтың жаңа моделін ұсынады. Оған сәйкес, инновацияларға деген сұранымды аталмыш инновациялардың бас тұтынушылары, жер қойнауын пайдаланушылар, қалыптастырады. Мұнай өнеркәсібінің орталығы болып табылатын Атырау қаласы үшің ұсынылған ынтымақтастық модельінің өзектігі аса зор болмақ.

      Жер қойнауын пайдаланушылар мен инновациялық кластердің қатынасушылары арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін іс-шара барысында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында жер қойнауын пайдаланушылар үшін Индстрия 4.0 аясында аса құнды шешімдер ұсынылды. Аталмыш шешімдер өндіріс үдерісінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп, қателіқ жіберу қатері мен шешім қабылдау уақытын азайтып, материалдарға, техникаға, жұмыс күшіне жұмсалған шығынды қысқартады. Сонымен қатар, «Жаңа материалдар мен аддитивті технологиялар орталығының» негізінде жетілдіретін мұнай-газ және машина жасау секторларына маңызы зор болатын жаңа композитті материалдарды алу технологиялары ұсынылды.

      Оған қоса, жергілікті инновациялардың қарқынды дамуына қажетті қолайлы жағдай жасау мақсатымен «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры мен Атырау облысының әкімдігі арасында, сонымен қатар «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры  мен «Атырау Innovations» арасында ынтымақтастық туралы Меморандумдарына қол қойылды.

      Атырау қаласындағы Startup Kazakhstan Tour кезеңінің нәтижесінде іріктелген жобалар Алматы қаласында өтетін финалдық байқауға шақырылады. Осы соңғы байқаудың жеңімпаздары арнайы жеделдеу бағдарламасына қатысуға мумкіндік алады: 7 апта – Алматы қаласында, 2 апта - Кремний алабында (АҚШ). Жеделдеуден өткен үздік жобалар халықаралық венчурлық қорлар, трансұлттық компаниялар мен отандық жер қойнауын пайдаланушылардың шешімдері бойынша 100 000 USD  дейінгі сомаға қаржыландырылуы мүмкін.   

      Өтінім беру туралы толығырақ ақпаратты берілген сайттан алуға болады: www.techgarden.kz

      2015 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметімен құрылған «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры өз қызметін "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы" Заңына сәйкес жүргізеді. Қазақстан Республикасының Президенті "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластерінің Қамқорлық кеңесінің төрағасы болып табылады. «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының Басқарушы комитетін Қазақстан Республикасының Премьер- Министрі басқарады.

      Заңға сәйкес "Ииновациялық  технологиялар паркі" инновациялық кластері жаңа  технологияларды жеделдетіп дамыту, зерттеулер жүргізудің, жаңа технологиялар әзірлеудің ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларын одан әрі жетілдіру, оларды коммерцияландыруға жәрдем көрсету мақсатымен құрылып, өз жұмысын атқарады.

      "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қоры: "Ұлт жоспары - бес институциялық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам" Мемлекеттік бағдарламасының 63-қадамын орындау аясында қызмет жасайды; ғылыми зерттеу институттары және жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу әлеуетін шоғырландыруымен айналысады; жер қойнауын пайдаланушылардың жылдық жиынтық табысының 1 пайызын инновациялық жобаларды қолдау мақсатына бағыттайтын құзыретті орган ретінде қызмет жасайды; ұлттық экономиканың басты секторларында біліктілік деңгейін көтеру үшін трансұлттық компаниялар негізінде салалық технологиялар орталықтарын құрады; технологиялық компанияларға құрылуынан бастап (стартаптарды халықаралық бағдаралама аясында жеделдеу арқылы), олардың бәсекелі дамуын қамтамасыз етуге дейін толықтай қолдау көрсетеді.


      Арайлым БАҒЫТЖАН

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _  _     _____    ______     _____    __   _   
       | \| ||  |  ___|| |      \\  |  ___|| | || | || 
       |  ' ||  | ||__   |  --  //  | ||__   | '--' || 
       | .  ||  | ||__   |  --  \\  | ||__   | .--. || 
       |_|\_||  |_____|| |______//  |_____|| |_|| |_|| 
       `-` -`   `-----`  `------`   `-----`  `-`  `-`  
                                                       
      
       
      Наверх