29 наурыз 2017, 17:14
      Аймақ 20.07.2016, 19:11 0 пікір 1063 просмотров

      Атырауда нан зауыты іске қосылды

      Тәулігіне 30 тонна нан және кондитерлік өнімдерді пісіріп, дайындайтын «Дәулет Нан» зауыты Геолог ауылдық округіндегі Новокирпичный ауылынан салынған болатын.


            Зауыттың салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев, кәсіпкерге сәттілік тіледі.

      -       Бүгінгі іске қосылған наубайхананың қажеттілігі сөзсіз, бар. Зауыттағы қондырғылар автоматты түрде басқарылғанымен, іске қосылғанда 90 жаңа жұмыс орны ашылды. Қазіргі таңда Атырау қаласында 13 наубайхана тәулігіне 33 тонна өнім шығарып, халыққа ұсынып отырса, осылардың ішіндегі ең ірісі - тәулігіне 9 тонна нан дайындайды. Ал, бұл «Дәулет Нан» зауытының ерекшелігі сонда – наубайхана тәулігіне 30 тонна нан және нан өнімдерін дайындап, шығаратын мүмкіндікке ие!

      Жалпы, Қазақстандық бизнесті халықаралық сауда аренасына шығару  -  Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бірден- бір тапсырмасы. Бүгінгі ашылған зауыт президент тапсырмасының орындалғанының бір дәлелі,- деді Нұрлан Асқарұлы.

           Облыс әкімінің айтуынша, аталған жобаның іске асуы – Елбасының тапсырмасына сай, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында Ұлттық қордан бөлінген қаражат есебінен жүзеге асыпты. Жобаның құны - 1,5 млрд. теңгені құраған болса, соның 680 миллион теңгесі Ұлттық қордан алынған, ал қалғаны жобаны іске асырушы кәсіпкердің жеке қаражаты. Тағы бір айта кетерлігі, бұл жоба жеке кәсіпкерлік субьектілерін қаржыландыру мақсатында берілетін «Даму- өндіріс» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр.

      -       Зауыт біздің өңірде ғана емес, бүкіл ел бойынша нан өнімдерін дайындаудан ең жоғарғы технологиялық өндіріс орны болып табылады. Неге десеңіз, цехта қолданылатын технологиялардың барлығы еуропалық брендтердің қатарына енеді. Зауыттағы өндірістік процесс максималды түрде автоматтандырылған, алайда бұл- адам еңбегінен бас тарттық деген сөз емес. Техниканы да басқаратын адам, сондықтан зауытта адам күші сақталады.

      Мойындау керек, мұндай өндірісті мемлекеттің қолдауынсыз ашу мүмкін емес. Сондықтан біз, «Даму- өндірістік» мемлекеттік бағдарламасы арқасында тың идеямызды жүзеге асырып, жоғары сапалы отандық өнімдерімізбен халықты қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие болдық.

      Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев атап өткеніндей, Қазақстандық кәсіпкерлік – мықты экономиканың қозғаушы күші болып табылады. Яғни, біз «Дәлет Нан» зауытының нан өнімдерін халыққа ұсына отырып, Қазақстандық өнеркәсіптің дамуына үлес қосамыз деген ойдамыз. Мақсатымыз – «Қазақстанда жасалған» брендінің алдыңғы қатарында болу,- дейді аталған зауытты іске қосқан «ТрансТехИнтернэшнл» ЖШС- нің директоры Сүлеймен Ақдрашев.

         Журналистер сондай- ақ, зауыттың ашылуынан соң аймақ басшысынан өткен аптада нан бағасының 10 теңгеге қымбаттау себебін де сұрады.

      -       Нанның қымбатсуы өңіріміздегі наубайханалардың аздығынан емес. Өздеріңіз білесіздер, өткен жылдары тұрақтандыру қоры арқылы Үкіметтің жинақ қорынан қаражат бөлініп, оған І- ші сортты 600 граммдық нанды субсидиялаған болатын. Соның арқасында нан бағасы 45- 50 теңге болды. Өткен аптада нан бағасы 70 теңгеге дейін көтерілді. Бірақ, Монополияға қарсы комитеттің атқарған жұмыстарының нәтижесінде бұл баға кері 65 теңгеге түсті.

      Біз ұнды Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарынан сатып аламыз. Сондықтан, бұл қосылған өндіріс нанның бағасын тұрақтандыруға, ұстап тұруға өз үлесін қосады деп сенеміз,- дейді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

             Айта кетейік, қазіргі уақытта зауытта күніне 35 түрлі нан және кондитерлік өнімдер дайындалатын болса, алдағы уақытта оның санын көбейту жоспарланып отырған көрінеді.


      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ,

      фотолар автордыкі

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______   __   __    ______    ______    ______  
       /_   _//  \ \\/ //  /_   _//  /_   _//  /_   _// 
         | ||     \ ` //   `-| |,-    -| ||-   `-| |,-  
        _| ||      | ||      | ||     _| ||_     | ||   
       /__//       |_||      |_||    /_____//    |_||   
       `--`        `-`'      `-`'    `-----`     `-`'   
                                                        
      
       
      Наверх