25 маусым 2017, 21:36
      Аймақ 14.07.2016, 18:48 0 пікір 455 просмотров

      ЕСЕЛІ ЕҢБЕГІ МЕН ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

      Жылыой ауданында шығатын облысаралық «Құлсары» газетінің бас редакторы Сисенбердиев Әбдіхалық өңірімізге танымал қаламгерлердің бірі. Ұзақ жылдар бойы баспасөз саласында тынымсыз тер төгіп келе жатқан әріптесіміз Жылыой ауданының ақпарат саласының дамуына зор үлес қосып келеді.


       

      Он жылдан астам уақыттан бері аудан халқының сүйікті басылымдарының біріне айналған «Құлсары» газеті бүгінде облыс көлемінде ғана емес, Маңғыстау, Ақтөбе, Орал облыстарына да таралып, өз оқырмандарын табуда.

      Биылғы жыл - бас редактор, журналист, ақын, өлке зерттеушісі, қоғам белсендісі, жас таланттардың тәлімгері Әбдіхалық Сисенбердиевке еселі қуаныштарын сыйлауда.  Төл мерекеге орай Әбдіхалық Жәңкейұлының шығармашылық қызметі мен баспасөз саласындағы табысты еңбегі жоғары бағаланып, салалық министрлік тарапынан  ҚР «Ақпарат саласының үздігі» белгісімен марапатталды. Сонымен қатар, Атырау облыстық мәслихатының «Құрмет» грамотасымен ұлығыланып, Жылой ауданының Құрметті азаматы атанды. Шығармашылық адамының қалам қарымы ақталғаны деген осы болса керек...

      Біз әріптесімізді жеткен жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да көтерілер тауыңыз биік болсын дейміз. Отанасы, газеттің жауапты хатшысы Қайша ханым екеуіңіз ұлдарыңыздың, келіндеріңіздің және желкілдеп өсіп келе жатқан немерелеріңіздің қызығын көріп, отбасы берекесі мен шаңырақ шаттығына бөлене беріңіздер. Абырой мен асқақ азамат ажарын, ерен еңбек пен дәулет, қызметте шығармашылық жаңа өрлеу тілейміз.


       

      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ,

      Республикалық қоғамдық- саяси «Мұнайлы Астана» газетінің тілшісі                       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _    _    _    ______    __   __    ____    
      | \  / || | || | || |      \\  \ \\/ //  |  _ \\  
      |  \/  || | || | || |  --  //   \ ` //   | |_| || 
      | .  . || | \\_/ || |  --  \\    | ||    | .  //  
      |_|\/|_||  \____//  |______//    |_||    |_|\_\\  
      `-`  `-`    `---`   `------`     `-`'    `-` --`  
                                                        
      
       
      Наверх