23 тамыз 2017, 17:40
      Экономика 13.07.2016, 16:43 0 пікір 2006 просмотров

      Борышкерлер ел аумағынан шыға алмайды

      Елімізде сот  актісін немесе басқа да уәкілетті органдардың қаулыларын орындамағаны үшін борышкерлерге әртүрлі мәжбүрлеп орындату шаралары алынуда.


      Сонымен қатар сот актісін мәжбүрлі түрде орындатудың бір шарасы - Қазақстан Республикасы «Атқарушылық іс-жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 33- бабымен борышкер болып табылатын жеке тұлға, заңды тұлғаның лауазымды адамын Қазақстан Республикасынан шығуын шектеу. Яғни, мемлекеттік және жеке сот орындаушылар  атқарушылық құжат бойынша орындалмағанын тексеріп, Қазақстан аумағынан шығуына  тыйым салу туралықаулы шығарып, сотқа санкциялауға жолдайды. Қаулыны қарау кезінде судья құжаттың дәлелдігін, сондай-ақ, бұл шараны қолданудың қажеттілігін назарға алады.Соттың санкцияланған қаулысы сот орындаушының АИС ОИП бағдарламасы арқылы «Беркут» базасына енгізіліп, автоматты түрде борышкер ел аумағынан шығуы шектеледі. Жалпы, осы шара жөніеде Атырау облыстық Әділет департаменті басшысының орынбасары Асулан КАРИМОВ:

      -Жоғарыда аталған заңның 33- бабында көрсетілгендей, егер борышкер Қазақстан Республикасынан тыс жерде емделуге баруы қажет болған жағдайда сот орындаушысына емделу уақытын және аурулығы туралы анықтамаларды  көрсете отырып шектеуді тоқтата тұру туралы арыз жазады. Сот орындаушысы сотқа шектеуді уақытша алу туралы қаулы жолдайды. Қанағаттандырылған жағдайда шектеу мерзімі көрсетіле отырып  уақытша тоқтатылады. Кейбір жағдайда, борышкер өзінің қарызын толық көлемде өтейді де, алайда, шетелге шыға алмай қалатын кездер болады. Ол үшін борышкер өзінің қарызын толықтай өтегендігін дәлелдейтін құжатымен сот орындаушыға хабарлауы тиіс. Борышкерге қатысты қозғалған атқарушылық өндірісі қысқартылғанда, мерзімдік төлемдер бойынша берешегі болмаған жағдайда, атқарушылық құжатты берген органның талап етуі бойынша орындалмай қайтарылғанды, мемлекет пайдасына өндіріп алуды қоспағанда, өндіріп алушының өтініші бойынша алынады. Заңның   33-бабы бойынша борышкердің  берешегі атқарушылық құжаттағы жиырма айлық есептік көрсеткіштен астам сомаға талаптарды орындамаған кезде, сондай-ақ мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы (алимент)  атқарушылық құжаттарды үш айдан астам орындамаған кезде сот орындаушысы көрсетілген адамдардың Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы шығаруға құқылы, ал өндіріп алушының өтініші бойынша осындай қаулы шығаруға міндетті деп  2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзгеріс енгізілді.Атырау облысы бойынша мемлекеттік сот орындаушылармен 9472 шектеу қойылса, оның ішінде биылғы 6 айдың ішінде 151 644 736 соманы құрайтын 100 шектеу қойылды. 2146 шектеу алынды.  Ал, жеке сот орындаушылармен 1514 шектеу қойылса, 4 438 717 854 соманы құрайтын 810 шектеу 6 айдың ішінде берілген. 188-і алынып тасталған, - дейді.

      Аталған жайға байланысты департамент тарапынан Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін азаматтарғаwww.adilet.gov.kz интернет желісінде сот актілері бойынша борышкерлер тізімінде бар жоғын және өзіне ел аумағынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеу қойылғандығын  тексерулері туралы назарға берілуде.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____     ______              ______   _    _   
       |__  //   /_   _//   ____     /_   _// | |  | || 
         / //     -| ||-   |    \\    -| ||-  | |/\| || 
        / //__    _| ||_   | [] ||    _| ||_  |  /\  || 
       /_____||  /_____//  |  __//   /_____// |_// \_|| 
       `-----`   `-----`   |_|`-`    `-----`  `-`   `-` 
                           `-`                          
      
       
      Наверх